2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Жыл соңы — қорытынды жасайтын уақыт. Қарашадан бастап лингвистер мен тіл жанашырлары дәстүрлі түрде бүкіл әлем бойынша әртүрлі тілдегі Жыл сөзін таңдайды. Сөз деп айтылғанымен, таңдау сөз тіркесіне де, жұрнаққа да, эмодзиге де түсуі мүмкін. Қытай мен жапон тілдерінде жыл иероглифі таңдалады. Жыл сөзі міндетті түрде ең танымал ұғым болмауы мүмкін. Бірақ ол сол жылда қоғам үшін ненің ерекше маңызды болғанын көрсетеді. 

Factcheck.kz редакциясы 2022 жылғы номинацияда жеңген халықаралық сөздерге шолу жасап, оның қоғам реакциясын қалай көрсететінін қарастырды. Өкінішке қарай, олардың көбі қайғылы жағдайды, біршама елдегі қоғам мен биліктің қарым-қатынасындағы дағдарысты аңғартты.

Merriam-Webster — Gaslighting («Газлайтиң»)

Америкадағы Merriam-Webster басылымы gaslighting («газлайтиң») сөзін таңдады. Олар ұғымның 2022 жылы ең көп ізделгеніне басымдық берген. Газлайтиң — адамға қоршаған ортаны дұрыс қабылдамайтынына сендіру үшін жасалатын психологиялық зорлықтың бір түрі. Кең мағынада Merriam-Webster терминді «өз пайдасы үшін адамды әдейі адастыру әрекеті немесе тәжірибесі» деп анықтайды. Лингвистер кейінгі жылдары «газлайтиң» термині жеке мағынада ғана емес, саяси сипатта да қолданылатынын атап өтті. Бұл ұғым кейінгі кезде танымал болып кеткен фейк-ньюз (fake news) және дипфейк (deepfake) секілді жаппай манипуляция терминдерімен бір қатарда тұр.

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?
«Gaslighting» термині 1944 жылғы “Gaslight” фильмінен шыққан. Сюжетке сәйкес, басты кейіпкердің күйеуі психологиялық зорлық-зомбылықтың дәл осы түрін қолданады.

Oxford Dictionaries — Goblin mode («Гоблин режимі»)

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Ұлыбританияның Oxford Dictionaries сөздігінің нұсқасы бойынша goblin mode («гоблин режимі») ұғымы Жыл сөзі болды. «Гоблин режимі» әлеуметтік желіде жиі айтылатын ұйымдастырылған өмір салты мен «өзіңнің жақсы нұсқаңа айналу» секілді мінсіз ұғымға қайшы келетін «тәртіпсіз, жалқау немесе өзімшіл әрекет» ретінде сипатталады. Басқаша айтсақ, «гоблин режимі» — көбіміз пандемия кезінде халат пен пижаманы шешпей, шашылған жерге мән бермей, фастфуд жеп, жалқаулыққа берілген өмір стилі.

Ашық дауыс беруде «гоблин режимі» 318 мыңнан астам дауысқа ие болған. Oxford Languages президенті Каспер Гратволдың сөзінше, адамдар бойындағы гоблинді кеудесінен итеруді доғарған: «Мұндай белсенді реакция біздің кім екенімізді, қоршаған әлемде не болып жатқанын түсіну үшін лексиконның қаншалық маңызды екенін көрсетеді. Қандай жыл болғанын ескерсек, «гоблин режимі» осы уақытта еңсесі түсіп, сасқалақтап қалған бәріміз үшін таныс және түсінікті». 

Dictionary.com — Woman («Әйел»)

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Ағылшын тілінің ең ірі онлайн сөздіктерінің бірі Dictionary.com woman («әйел») сөзін таңдады. Редакторлар таңдауын іздеу жүйесінде «woman» сөзін жиі енгізілгенімен ғана емес, Кембридж сөздігінде woman сөзінің анықтамасы кеңейгенімен, Елизавета II өлімімен және қоғамда Ұлыбританиядағы монархияның рөлі туралы пікірталас туғанымен, әрине, Ирандағы әйелдер наразылығымен түсіндірді. 

Норвегия тіл кеңесі — Krympflasjon («сжимфляция»)

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Норвегия тіл кеңесі Krympflasjon (krympe — «қысқарту» және inflasjon — «инфляция» сөздерінен біріккен) сөзін Жыл сөзі деп атады. Бұл өнімнің көлемі мен құрамы азайып, бағаның сол деңгейде қалғанын немесе өскенін көрсететін ұғым. Орыстілді баспа сөз құралдарында оны «сжимфляция» деп айтып жүр. Бұл сөз әлемде инфляция өсіп жатқан соң танымал болды.

Неміс тілі қауымдастығы — Zeitenwende («Дәуірлердің алмасуы»)

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Германияда Zeitenwende — «дәуірлердің алмасуы» немесе «жаңа дәуірге өту» сөзі жеңімпаз атанды. Неміс тілі қауымдастығының мамандары оны қоғам үшін маңызды болған соң әрі оны 2022 жылы ФГР канцлері Олаф Шольц жиі айтқаны үшін таңдаған. Ресейдің Украинаға басқыншылығы «континент тарихындағы өзгеріс сәті» деді Шольц соғыс басталған соң бірнеше күннен кейін.

Украинадағы әскери әрекеттерге тікелей байланысты сөздер жапон және орыс тілдерінің Жыл сөзі атанды. 

Жапония — жаппай қақтығыс

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?
Киотодағы буддалық “Таза су храмында” иероглиф жазу рәсімі. Ғибадатхана аббаты Сейхан Мори символды өлшемі 130-ға 150 см болатын күріш қағазының парағында бейнелеген.

Жапонияда халық  белгісіне дауыс берді. Ол 戦争 (сэнсо, «соғыс») секілді күрделі сөздерде сэн деп оқылады. Ал негізі икуса деп оқылып, «қақтығыс» немесе «жанжал» деген мағына білдіреді. Бұл иероглифті таңдаудың негізгі себебі Ресейдің Украинаға ашқан соғысы болды. Бірақ басқа да себеп бар: Солтүстік Кореяның Жапония жаққа және оның әуе кеңістігіне бірнеше рет зымыран жіберуі; баға өсіп, табыс өспеген тұтынушылардың «жанжалы». Иероглифті таңдауға жыл басында өткен Пекиндегі Олимпиада ойындары, Катарда өткен футболдан әлем чемпионаты және Жапония кәсіби бейсбол әлеміндегі тартысты жарыстар да ықпал еткен. 

戦 белгісі бірінші рет жыл сөзі болып тұрған жоқ. 2001 жылы 11 қыркүйекте иероглиф Дүниежүзілік сауда орталығы мұнараларына жасалған шабуылға байланысты таңдалған. 

Ресей — «соғыс» пен «мұра»

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Орыс тілін шығармашылық дамыту орталығы жанындағы мамандар кеңесі Ресейде тыйым салынған «соғыс» зат есімін таңдаған. Ал «Арнайы әскери операция» эвфемизмі «Жылдың сөз тіркесі» номинациясында жеңіске жетті. Кеңес әділқазылары құрамында танымал жазушылар, филологтар, лингвистер, журналистер, мәдениеттанушылар, философтар бар. Орталық пен кеңес жетекшісі — филолог және мәдениеттанушы Михаил Эпштейн.

Бұған қоса, А.С. Пушкин атындағы орыс тілі институты «мұра» сөзін таңдады. Институт қызметкерлерінің сөзінше, олар саяси және әскери тақырыптағы сөздерді әдейі алып тастаған: «Мақсатымыз қоғам қолдауына ие болған жағымды сипаттағы сөзді табу болды» деп хабарлады институт өкілдері.

Қытай  — ішкі және сыртқы имидж

Қытайда ресми институттар мен қоғам таңдаған сөздер әртүрлі.

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

Жыл сөзі  — «тұрақтылық» пен 党的二十大 — «Қытай Коммунистік партиясының XX съезі» болды. Бірақ тізімді Компартия мақұлдағанын айта кету керек. Номинанттар қатарына коронавирус, санитарлық шектеулер немесе наразылықтарға қатысты еш сөз ілінбеген. Солардың арасында коронавирус шектеулеріне қарсы наразылық белгісінің бірі 白 — «ақ» сөзі болды. Мемлекеттік цензура Қытай блогерлеріне осы сөздерді қолдануын шектеп отырған

Қытайда жыл сөзі үшін екі номинация бар: бірі елдің ішіндегі жағдайды сипаттаса, екіншісі мемлекеттен тыс жағдайды қарастырады. Мұндай таңдау Қытай билігінің азаматтарға көрсететін жағдайының қаншалық өзгеше екенін көрсетеді (сол жағында — Қытайдағы жыл сөзі, оң жағында — басқа мемлекеттер үшін): 

  • 2018: «Күрес» пен «реформаларға 40 жыл» — «Әлсіреу» және «Сауда проблемалары»; 
  • 2019: «Тұрақтылық» пен «Мен және менің Отаным» — «Қиындық» пен «Сауда проблемалары»; 
  • 2020: «Халық» және «Кедейлікпен күрес» — «Пандемия» мен «Covid»; 
  •  2021: «Тәртіп» пен «Қытай компартиясына 100 жыл» — «Пандемия» және «Метаәлем»;
  • 2022: «Тұрақтылық» пен «Қытай коммунистік партиясының XX съезі» — «Ресей-Украина қақтығысы».

Қорытынды орнына


Factcheck.kz редакциясы әлемдік трендтен қалмай, Жыл сөзі номинациясы туралы ойлады. Біз оны 2022 жылы жарияланған материалдардың тақырыбын алып, объектив статистика арқылы таңдауды жөн көрдік. Одан мынандай қорытынды шықты: 

2022 жылды сөздер қалай сипатайды?

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz