2018 жылдың қорытындысы. Қазақстанда жалған ақпарат көп пе?

Былтыр сайтымызда, тап 2017 жылдағыдай, “Жалған” және “Фейк” деп үкім айтылған материал көп жарияланды. Дәстүрден жаңылмай FactCheck.kz сайтының бір жылдық жұмысын қорытындылайық.

2018 жылы командамыз өнімді еңбек етті. Фактчек әлеуметтік маңызды салалар бойынша – құқық, денсаулық сақтау, экономика, ғылым, мемлекеттің әлеуметтік саясаты сияқты бағыттарды тексердік. Тарап кеткен әңгімелердің рас-өтірігін анықтадық, “аңыздардың” күл-паршасын шығардық, танымал саясаткерлер мен басқа да тұлғалар сөздерінің ақ-қарасын анықтап, елде болып жатқан жағдайға барынша бейтарап қарауға тырыстық.

Бұған қоса Қазақстан мен Орталық Азияның өзге елдеріндегі әріптестерімізге фактчекинг пен медиасауаттылық бойынша тренингтер өттік.

FactCheck.kz редакциясының негізгі фокусы – қазақстандықтар үшін маңызды шешім қабылдайтын саясаткерлердің мәлімдемелері мен тұжырымдарын тексеру. Кейде шенеуніктер маңызды мәлімдеме жасап жатып, я факт айтпайды, я қиын терминдер айтып, деректер арқылы манипуляциялайды. Мұндай амал-тәсіл көпшілікті шатыстырып, қате ой қалыптастырады.

Екі жыл ішінде біз 687 материал тексеріп, жариялаппыз.

Қанша жалған сөз, неше манипуляция және қанша жартылай шындық болғанын көрейік.

Сайттың қазақ тілді нұсқасында ең көп оқылған бес материал:

ШЫНДЫҚ | Қазақстанда ҰБТ-дан төмен балл алып та грант иеленуге болады

МАНИПУЛЯЦИЯ | Статистика комитеті: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9%

Фактчек | Сырттан келген зиянкестің кесірінен Алматы жасыл желексіз қалуы мүмкін

Нұсқаулық: Суреттің түпнұсқа екенін қалай тексеруге болады?

Жалған | Қазақстанда менингит эпидемиясы тарауда

Сайттың орыс тілді нұсқасында ең көп оқылған бес материал:

ПРАВДА| В Казахстане возможно получить грант, набрав низкий балл на ЕНТ

Манипуляция | Оксфордский союз признал университет обороны РК лучшим вузом

Фактчек | 198,5 млн из бюджета РК — на чудо-прибор или обман?

Фейк | Смертельный вирус в таблетках парацетамола

Ложь | В Казахстане эпидемия менингита

Министрлер не айтты?

Былтыр біз Министрометр деген атпен жаңа жоба бастап, министрлер берген уәделерін орындап жүр ме, жоқ па – тексере бастадық.

Министрометр жобасы аясында 12 министрдің 104 уәдесін тексердік. Ол уәделерді БАҚ-та жарияланған мәлімдемелерден, халықпен есептік кездесулерден, орталық коммуникациялар мен мәжіліс алдында сөйлеген сөздерінен жинадық.

Мәселен, мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы маусымнан бастап, министрлік үкіметтік емес ұйымдарға грант беретінін уәде еткен. Немесе ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов “теракт бола қалған жағдай не істеу керегін түсіндіретін ескертпе дайындаймын” деп уәде берген.

Кейбір жағдайларда уәде халық арасындағы мәселелердің шешілетініне қатысты беріледі. Мәселен, экономика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылдың қазан-қарашасында нарықтағы жанармай дефициті кезінде алдағы жылдары ішкі нарықты 100 пайыз қамтимыз деп уәде берген еді.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап сайтымызда фактчекинг, дебанкинг пен ақпаратты тексеру мәселелеріне қатысты Project Syndicate жобасының мақалаларын жариялай бастадық.

Редакцияның әлі атқарары көп

factcheck.kz сайтының жетекшісі Әділ Жалилов былай дейді:

Нейрожелі мен жасанды интеллект арқылы deepfakes деп аталатын фэйк видеолар жасала бастады. Олардың рас-өтірігін ажырату тіпті қиын.  Халықаралық сарапшылар deepfake технологиясы таяу арада дезинформация таратудың ең жиі тараған тәсіліне айнала бастайтынын айтады. Демек, жиі тексеріле де бастайды. Медиасауаттылық деңгейі төмен кез келген қоғамда талқы тудыруға қабілетті дипфейктер таяу 10 жылда ең жиі айтылатын тақырыпқа айналмақ. Сауатты қоғам үздік журналистика, фактчекинг, мектептер мен жоғары оқу орындарында медиасауаттылық оқытылатын ортада ғана болады.

Мұндай жағдайда —

қоғам да, мемлекет те кәсіби журналистикаға, фактчекинг пен аудиторияның медиасауатты болуына мүдделі болуы тиіс

Биыл ақпаратты таратпас бұрын тексеріп алатын адамдар қарасы көбейер деп үміттенеміз!

FactCheck.kz-пен бірге болғандарыңызға рақмет!
Бұл – үлкен қолдау. Жаңа жылдарыңызбен!

 

Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope

Factcheck.kz