Жартылай шындық | Қазақстанда ішкі туризм 20% артқан

Тамыздың басында Қазақстан телеграф агенттігі “2018 жылдың басынан бері Қазақстанда ішкі туризм 20% артқан” деген тақырыпта материал жариялады.

Жартылай шындық | Қазақстанда ішкі туризм 20% артқан
ҚазТАГ-та жарияланған материалдың скрині.

“Қазақтуризм” ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Рашид Күзембаев әлгі материал былай дейді:

Динамика өте үлкен. Статистика деректері сәл кейінірек жарияланады. Бірақ алғашқы тоқсанда ішкі туризм 20 пайызға артты. Халық ел ішінде жиі сапарлай бастады.

Үкім: Жартылай шындық

Біріншіден, Күзембаев 2018 жылдың алғашқы тоқсанында нақты қай кезеңмен салыстырғанда өсім болғанын анықтап айтқан жоқ. 

Екіншіден, статистика деректері жарияланып та қойды. Бірақ ондағы көрсеткіш Күзембаевтың дерегімен сәйкес келмейді. 

Үшіншіден, “Қазақтуризмнің” ішкі туризм динамикасын есептеудің өзіндік әдісі бар сияқты.

Елдегі ішкі туризмнің аxуалы қалай өзгеріп жатқанын басынан шолып көрейікші. Алдымен соңғы бес жылдағы көрсеткіштерді салыстырайық.

Деректерді әдеттегідей Статистика комитетінен іздейміз.

Қарапайым арифметикалық есептеу арқылы 2014 жылдан биылға дейінгі уақыт аралығында қонақүйлерді толу деңгейінің орта шамасын табамыз. Нәтиже – 20,7%.

Ал 2018 жылы қонақүйлер 20,2% пайызға толған. Яғни, мәлімдемеде айтылған өсімді көріп тұрған жоқпыз.

Қонақүйлердің толу деңгейі:

2014 жылдың қаңтар-наурызынан 2017 жылға дейін – 20,7% 

2018 жылдың қаңтар-наурызы – 20,2%

Алайда бұл дерекке де күмәнмен қарауға болады. Себебі, пайыздық көрсеткіштер ішінде ішкі туристер үлесі артуы де ықтимал. Қонақүйде емес, туысында түнеп қалатындар да болуы мүмкін. Сондықтан қонақүйлердің толу шамасы – ішкі туризмнің өскен-өспегенін білдіретін негізгі көрсеткіш емес.

https://infogram.com/vnutrennij-turizm-1h0r6rrjx0ql6ek

Нақтырақ деректерге жүгінейік. Статистика комитетінің дерегінше, биылдың алғашқы тоқсанында ішкі туристер саны шынында артқан. Бірақ, ұлттық компания өкілі айтқандай, 20 пайызға емес, 6,2 пайызға.

Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген қонақтар саны: 

2018 жылдың қаңтар-наурызы  — 1086,6 мың адам 

2017 жылдың қаңтар-наурызы — 1017,3 мың адам

Ішкі туризм бойынша орналасқан жеріне қарай жасалған деректер бар (2-диаграмманы қараңыз). Міне, осы жерде материалда айтылған дерек пен ресми статистика шамалас.

Соңғы бес жылдағы көрсеткіштерді есептеп, ішкі туристердің орта саны 698 746 екенін табамыз. Биыл бұл көрсеткіш 825 345 адамға тең. Яғни, ішкі туризмнің даму деңгейі 18.1% тең.

“Қазақ туризм” ұлттық компаниясы төрағасының сөзін жоққа шығаратын я растайтын дерек табылмағандықтан, мәлемдеменің рас-өтірітігі үкімсіз қалдырылады.

Мына материалды да оқуға кеңес береміз: Манипуляция  | 2017 жылдың 9 айында Қазақстанға келген туристер саны рекорд көрсеткішке жетті

Фактчекер. Координатор образовательных и исследовательских программ МЦЖ Medianet. Проектный менеджер сервиса опросов Demoscope

Factcheck.kz