Ұлыбританиялықтар жануарларға арналған азыққа көшкені рас па?

Желтоқсанның басында желінің орыс тілді сегментінде (123) «Ұлыбритания тұрғындары жануарларға арналған азыққа көшті» деген тақырыппен жарияланған материалдар тарады. Мақалалар The Independent басылымындағы материалға сілтеме келтірген. Онда инфляция кесірінен Ұлыбританияда пайда болған экономикалық дағдарыстың салдары туралы айтылады. 

Factcheck.kz редакциясы оқырмандардың өтініші бойынша ақпараттың қаншалық рас екенін тексерді. 

Үкім: Манипуляция

The Independent басылымындағы мақалада Кардиффтегі тұрғындарға көмек көрсету жобасы менеджерінің пікірі келтірілген. Ол үй жануарларына арналған азықты жеп жүрген адамдарды көргенін айтқан. Бұл алаңдауға тұрарлық жағдай болғанымен, Ұлыбритания тұрғындарының бәрінің жануарларға арналған азық жеуге көшкенін білдірмейді. Материалды еркін аударған баспасөз құралдары деректі жалпылай көрсетіп, кликбейт тақырыптар қолданған. 

The Independent басылымы хабарлағандай, Ұлыбританияда инфляция 41 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Қазанда азық-түлік пен алкогольсіз сусындар 16,4%-ке қымбаттаған. Бұл 1977 жылдан бергі ең үлкен өсім. 

Басылым қымбатшылық халықты жылу мен тамақ арасында таңдау жасауға мәжбүрлеп жатқанын жазады. Кардифф қаласындағы Стоубридж ауданындағы қойманы басқаратын Марк Стид ВВС-ге берген сұхбатында үй жануарларына арналған азық жеп, тамағын майшамға немесе батареяға жылытуға тырысып жатқан адамдарды көріп таң қалғанын айтқан. 

«Кардифф — гүлденіп жатқан қала. Бірақ кедейлік жайлаған жерлер де бар. Адамдарға алғашқы қажеттіліктерін өтеуге жететіндей ақша төлемейді…»,-дейді Стид. 

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz