Пентагон өкілі Украина Еленовкадағы тергеу изоляторын байқаусызда атқылады деді ме?

2022 жылғы 29 шілдеде украиналық әскери тұтқындар отырған Еленовкадағы (Оленовка) түзеу колониясы атқылағанғаны туралы хабарланды. Осы мақаланы жазу кезіндегі деректер бойынша, 50-ден астам адам қаза тауып, тағы 73 адам жарақат алған. Ресей тарапының хабарлауынша, тергеу изоляторына Украина қарулы күштері HIMARS зымырандарымен соққы жасаған. Мұны екі нұсқамен түсіндіреді: біріншісіне сай, өз сарбаздарын қорқытып, болашақта олардың берілуіне жол бермеу үшін, екіншісіне сәйкес, тұтқындар куәлік бере бастағаны үшін атқылаған. Ал Украина тарапы ресейлік әскерилер Украинаны әскери қылмыс жасады деп айыптау мақсатында, одан бөлек, әскери тұтқындарды азаптағанын және өлім жазасына кескенін жасыру үшін колонияны атқылағанын айтады.

Көп ұзамай «РИА Новости» сайтында «Пентагондағы жоғары лауазым өкілінің» сөзіне сілтей отырып, Киев Еленовкадағы тергеу изоляторын шабуылдаған күннің өзінде, «бұл байқаусызда жасалған» деген ақпарат шықты. Сонымен бірге, РИА-да шыққан мақала тақырыптарында (басқа ресейлік БАҚ пен әлеуметтік желілердегі хабарламаларда да) “Пентагонның хабарлауынша, Киев Еленовкадағы тергеу изоляторына соққы жасауды «қаламады»/«байқаусызда» атқылады” деп жазылған.

Factcheck.kz Пентагонның шынымен де солай айтқан-айтпағанын анықтауды жөн көрді.

Үкім: Манипуляция

Бір қызығы, «Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігіне» сілтеген ақпараттық ресурстардың ешбірі комментарийдің өзіне сілтеме жасамаған. Бұл ретте бұрмаланған ақпараттың тарауына ведомство сайтында жарияланған Пентагондағы екі жоғары лауазымды шенеуніктің брифиңде сөйлеген сөзі себеп болғаны түсінікті. Дегенмен өкілдердің бірінің сөзі контекстен жұлынып алынған және медиада оқты Украина тарапы атты деген нарративті өрбіту үшін пайдаланылған. Шын мәнінде, Пентагон қызметкері оқты кім атқаны туралы мәлімет жоқ екенін, тек Украина қарулы күштері (УҚК) өз сарбаздарын атқылағысы келмес еді деген пікір білдірген.

Толығырақ

Бұған дейін айтылғандай, Пентагон өкілінің комментариі туралы алғашқы сөз «РИА Новости» сайтына шықты. Мақаланың тақырыбы мынадай: «Пентагон Киевтің Еленовкадағы тергеу изоляторына абайсызда соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді». Мұндай тақырып атқылауға жауапты тараптың бірден анықталғанын меңзейді. Басқа жаңалық ресурстары да (мұнда, осында және осында) Пентагонға сілтеме жасай отырып, Киев/УҚК «Еленовкадағы тергеу изоляторына соққы жасағысы келмеді» деп хабарлаған. «Царьград» телеарнасы УҚК «кездейсоқ» соққы жасалды деп мәлімдеген. Басқаша айтқанда, АҚШ қорғаныс министрлігі өкілінің комментарийі Украина әскери күштері кінәсінің дәлелі ретінде ұсынылады. 

Еленовкадағы жағдайға қатысты Пентагон мәлімдемелерін іздеу АҚШ Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған екі шенеуніктің (аты-жөні аталмаған, тек лауазымдар бар – ред.) 29 шілдедегі брифиңде сөйлеген сөзіне әкелді. CBS журналисі Украина мен Ресейдің шабуыл туралы бір-бірін айыптауларына комментарий беруін сұраған. Жоғары лауазымды әскери шенеунік өздерінің (Пентагон) журналистерден артық білмейтінін айтқан. Сондықтан шынымен не болғаны туарлы әлі нақты жауап беру мүмкін емес дейді. Бұл ретте ол ресейлік тараптың айтқандарына сақтықпен қарайтынын ескерткен. Өйткені олар бұған дейін шындыққа жанаспайтын бірнеше мәлімдеме жасаған-ды.

Спикер Reuters журналисінің (Ресей мәлімдегендей) колонияға шабуыл кезінде дүркіндетіп ататын HIMARS зымыран жүйесі пайдаланылды ма деген сұрағына нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізген. Ол оқиға орнынан HIMARS сынықтары табылды деген мәлімдемеге қатысты, ресейлік тарапта мұндай қоқыс көп болуы мүмкін екенін айтқан. Өйткені украиналық тарап ресейлік әскери нысандарға соққы беру үшін HIMARS-ты бірнеше рет қолданған. Бұл тұста HIMARS-ті қолдану фактісі де әлі дәлелденбегенін және зерттеуді қажет ететінін айта кету маңызды.

Пентагонның өкілі одан әрі былай дейді:

Соңғысы мынау. Бұл украиндық тараптың соққысы екені анықталса, біріншіден, олар мұны істегісі келмегені анық, солай ғой? Олар өз халқына, бейбіт тұрғындар мен әскерилерге қамқорлықпен қарайтыны сөзсіз.

Осы цитатадан және бүкіл әңгіме контекстінен екі қорытынды жасауға болады:

  1. Пентагонда соққының қайдан жасалғаны туралы ақпарат жоқ;
  2. Журналистің сұрағына жауап берген Пентагон өкілінің айтуынша, (егер) соққыны украиндық тарап жасаған күннің өзінде (онысы белгісіз), олар мұны қаламаған. Пентагон УҚК «байқаусызда» немесе «кездейсоқ» соққы жасады деп айтпады.

Сонымен бірге, Ақ үй жанындағы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кёрби журналистерге бұл хабарламалар (тергеу изоляторын атқылауы туралы) жайлы айту үшін АҚШ-та ақпарат жеткіліксіз екенін мәлімдеді.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz