Манипуляция | Мемлекеттік департамент америкалықтарға Түркіменстанды туризм үшін қауіпсіз елдер қатарында ұсынды

2018 жылғы 12 қаңтарда “Медиа-Түркімен” ақпарат агенттігіне қарайтын Orient ресурсында АҚШ мемлекеттік департаментінің туристер үшін қауіпсіз елдер тізімін жариялағаны туралы материал жарық көрді. “Ең қауіпсіз деген елдердің алғашқы тобына 40-тан астам ел кірді, бұл елдерде АҚШ азаматтарына терроризм, қылмыс, азаматтық тәртіп бұзушылық пен табиғи апаттардың қаупі жоқ. Олардың қатарында Түркіменстан да бар және бұл заңды да”, – деп жазады автор. Айта кетсек, бұл тізімге Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан мен Өзбекстан да кірген.

Туркменистан и туризм

Үкім: Манипуляция

Шынында да, 10 қаңтар күні Мемлекеттік департаменттің Консулдық мәселелер жөніндегі бюросы шетелге саяхаттауға шығатын америкалықтарға кеңес түріндегі ақпаратты жариялаған, онда шет мемлекеттердің қауіпті/қауіпсіз деңгейі көрсетілген. Бұл мақалада аудармадан кеткен қате салдарынан Түркіменстанның туризм саласы ғайыптан тайып қолайлы елдер қатарында болып шыға келген. 

Шын мәнінде travel advisory country list туристік бағыттардың тізімін ұсынбайды. Америкалықтар ештеңені де ұсынбайды, олар бар болғаны ескертеді. Бұл тізім де ескерту бағытында, оны бейтарап сипаттауға да, кеңес деп қабылдауға да (advisory) болады.

Иә, Түркіменстан бұл тізімде ескертудің бірінші деңгейіндегі елдер қатарында. Тізімді жасаушылар саяхатқа шығатындар үшін бірінші деңгейдегі елдерде “қарапайым сақтық шараларын ұмытпауды” ұсынады, өйткені бұл елдерде жеке қауіпсіздікке қатер төну ықтималдығы жоғары.

Путешествие в Туркмению

Сонымен қатар, бұл тізімде мынадай да ескерту бар: “Кез келген елге саяхаттау белгілі бір дәрежеде қауіп тудырады. Басқа елде болу тәртібі АҚШ-та болу тәртібіне ұқсамайды және кез келген сәтте өзгеруі мүмкін”. Ал Level 2 елдеріне келсек, Консулдық мәселелер жөніндегі бюро онда қауіп-қатер деңгейі жоғары екенін, мұндай елдерде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ұсынады. Level 3 – Сапарға бармас бұрын ойланыңыз: қауіпсіздікке төнетін қатер жоғары болғандықтан саяхатқа бармауға тырысыңыз. Ал Level 4 елдеріне берілген анықтама мынадай: (Бұл елдерге) саяхаттамаңыз: Өміріңізге қатер төну ықтималдығы жоғары, бұл елдер ескертудің ең жоғарғы деңгейіне жатады.

Түркіменстан қауіпсіз бе?

Ал енді АҚШ мемлекеттік департаментінің Түркіменстанда “АҚШ азаматтарына терроризм, қылмыс, азаматтық тәртіп бұзушылық пен табиғи апаттардың қаупі жоқ” екенін айтқанына келсек, Консулдық мәселелер жөніндегі бюроның сайтында жоғарыдағы тізіммен қатар, Түркіменстан бойынша (басқа да елдер бойынша) пайдалы сілтемелер тізімі де берілген. Осындай сілтемелердің бірінде дипломатиялық қауіпсіздік бюросы құрастырған 2017 жыл бойынша қылмыс деңгейінің есебі жарияланған парақша берілген.

Нақтырақ айтқанда, қылмыс тұрғысынан алғанда америкалықтар Ашхабадты АҚШ-тың мемлекеттік мүддесіне орташа деңгейде қауіп тудыратын жер деп санайды. “Шетелдіктерге қатысты қылмыстар шынында да болып тұрады”, – делінген есепте.

Преступность в Туркменистане

Террористік қауіп және саяси күш көрсету тұрғысынан да Ашхабад АҚШ мемлекеттік мүддесі үшін орта деңгейде қауіп төндіретін ел деп саналады.

Терроризм в Туркменистане

Есепте бірді-екілі шерулер туралы да айтылады, дегенмен 2016 жылы бұл елдегі азаматтық толқуларды көрген куәгерлер жоқ. Сонымен қатар, есепте Түркіменстанның сейсмикалық тұрғыдан қауіпті аймақта орналасқаны, елдегі 6 ірі қаладан басқа жерлерде ұялы байланыстың нашар екені, спутник телефондарын пайдалануға тыйым салынғаны туралы да ақпараттар бар.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz