ҚАЖК төрағасы Қазақстандағы азаптау туралы

«ҚАЖК төрағасы Заречный колониясындағы азаптау туралы: Бұл бір ғана жағдай» – мұндай мәлімдеме бүгін Informburo.kz сайтында және басқа да ҚР-ның жаңалықтар ресурстарында пайда болды.

Қылмыстық-түзету жүйесі комитетінің төрағасы Дархан Қанатбеков ІІМ брифингінде Алматыға қарасты Заречный елдімекеніндегі түзету колониясындағы тұтқындарды азаптауға қатысты пікір білдірді.

«Бұл тек бір ғана жағдай. 2018 жылы бізде азаптауға қатысты қылмыстық істер қозғалып, ешқайсысы сотқа дейін жетпеді. Сондықтан бұл сирек жайт. Иә, шын мәнінде сорақы факт» (орыс тілінен аударылды), – деп мәлімдеді ҚАЖК төрағасы.

Үкім: Манипуляция

Мұндай істер расымен сотқа жетпейді, жеткен күннің өзінде оған қарап үкім шығарылмайды, ҚАЖК төрағасы осы жағынан ғана дұрыс айтты. Дегенмен осы жылдың 6 айында Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ҚР ҚК-нің «Азаптау» яғни 146-бабы бойынша 119 қылмыс тіркеген.

Толығырақ…

Шілде айының аяғында желіде ЛА 155/8 колониясындағы (Алматы облысы, Заречный елдімекені) тұтқындалған азаматтарды азаптау видеожазбасы пайда болғаннан кейін брифинг өткізілді.

 

Осы видеожазбадан кейін Алматы облысы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Департаментінің 14 қызметкері жазаланған. «Оның ішінде 7-еуі жұмыстан шығарылды. Оқиға орын алған ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылды. Екі орынбасары  жұмыстан шығарылды», – деп хабарлады арнайы баспасөз конференциясында.

Сол уақытта ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев министрліктің баспасөз қызметі арқылы: «Мекеме қызметкерлері мен олардың басшыларына қатысты физикалық күш көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп мәлімдеді (ҚР Қылмыстық кодексінің қай бабы бойынша іс қозғалғанын нақтыламады). Мекеменің бес қызметкері тергеу изоляторына қамалғаны белгілі. «Бұл оқиға біздің қылмыстық атқару жүйесіндегі ең ұятты факттердің бірі», – деді Тұрғымбаев.

Заречный елдімекеніндегі азаптауға қатысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Twitter-інде пікір білдірді:

Бірінші рет пе?

«Бір ғана жағдай» дегенде Дархан Қанатбекұлы 2018 жылы колониядағы азаптау жағдайларының ешқайсысына да айыптау үкімі шығарылмағанын айтқан болуы керек.

Сол күні-ақ астанада халықаралық Penal Reform International ұйымы Тұрғымбаевтың сөзін түзететін сандарды ұсынды.

«Соңғы үш жылда барлық тергеу изоляторы, барлық мекемелерде 53 азаптау факті тіркелген. 13 – бұл қылмыстық-атқарушы жүйе мекемесі, 33 – ішкі істер органдары, сонымен қатар жеті басқа да факт», – деді Орта Азиядағы PRI өкілдігінің Қазақстандағы басшысының орынбасары Жанна Назарқызы.

ҚАЖК төрағасының бір ғана жағдайды анықтағаны қалай?

«Өткен жылы ҰПМ (Ұлттық превентивті механизм) мен омбудсмен прокурорлардың тезірек назар аударуын талап еткен 176 факт жинаған. Яғни, құқыққорғаушылар 176 рет алдында азаптау немесе қысым көрсету факті тұрғанына сенімді болған, сол себепті де деректерді прокуратураға жіберген. Прокурорлар осы факттардың негізінде 101 тексеріс жүргізген. Сегіз адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 31 факт СДТБТ-де тіркеліп, оның 29-ы тоқтатылды. Назар аударыңыз: 0 адам жазаланған! Яғни ешкім жауапқа тартылмаған», – деп жазды Ұлттық превентивті механизмнің қатысушысы Сәуле Мектепбаева.

Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен жылы «Азаптау» бабы бойынша 73 қылмыс тіркеліп, оның 10-ы сотқа жеткен, яғни (Мектепбаева ханымның мәліметінің негізінде) сотқа жеткен барлық істер полиция мен тергеу мекемелеріне қатысты болған.

[google-drive-embed url=”https://docs.google.com/spreadsheets/d/1vSeX2XhEolXSO7pqbFI3hp0qdG8GGxoXsMxJLivSOkM/preview?usp=drivesdk” title=”2018″ icon=”https://drive-thirdparty.googleusercontent.com/16/type/application/vnd.google-apps.spreadsheet” width=”100%” height=”400″ style=”embed”]

Салыстыру үшін: осы жылы 6 ай ішінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 146-шы «Азаптау» бабы бойынша 119 қылмыс тіркеліп (көпшілігі түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында), оның 13-і сотқа жіберілген. Дегенмен бұл жайттарда сот отырыстары немен аяқталғаны айтылмайды, соған қарағанда үкім әлі шықпаған тәрізді.

2018 жылы Қазақстанның азаптауға қарсы ҒӨБ Коалициясының мәліметінше азаптауға 143 арыз түскен, олардың көпшілігі тұтқындалғандарға қатысты емес. Дегенмен, Тұрғымбаев айтқандай, өткен жылы ешқайсысы да соттың араласуына жетпеді.

Сонымен қатар, бізде «азаптау» оқиғаларын ҚК-тің басқа 362-ші «Өз қызметін асыра пайдалану» бабымен бүркемелегісі келетіні жасырын емес. Жалпы мазмұны бірдей болғанымен, қорқынышты естілмейді және жаза аса қатал емес.

2018 2019
СДТБТ-де тіркелгені (362 бап) 248 304
Сотқа жеткені 44 38

 

Тағы бір мәселе: азаптау ісіне қатысты тергеулерді тергеу мекемелері барынша созуға тырысады, бірақ мұндай жағдайда да кейде іс сотқа дейін жетеді. Осы жылдың наурыз айында АП 162/3 колониясының 15 қызметкері 2016 жылы орын алған қылмыс үшін сот алдындатуралы жауапқа тартылды. Үкім әлі шығарылған жоқ.

Бірде бір іске үкім шығарылмағаны «бір ғана жағдай» екенін көрсетпейді.

Қорытынды…

«Бір ғана жайт» туралы айтқанда ҚАЖК төрағасы шындықтың бір бөлігін айтты, өйткені кейде бір ғана жағдай сотқа жетеді немесе прокуратура мен ішкі істер органдары азаптау арызы бойынша іс қозғауға негіз таппайды.

Сол уақытта, дәл бұрынғыдай елде жүйелік сипаттағы немесе тергеу изоляторы мен түзеу мекемелеріндегі азаптаулар жалғасып жатыр.

Factcheck.kz