Валюта соғысы тоқтай ма?

1930 жылдардың сұмдық оқиғалары сауда мен валюта соғысы ат пес арба сияқты қатар жүретінін еске салып тұрғандай. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі “Алдымен Америка” атты протеционистік саясатын толық жүзеге асырып жатқан қазіргі таңда валюта соғысының тұтануы – тек уақыттың мәселесі болып тұр.

Содан бері біраз уақыттан бері толық масштабағы валюта соғысы болмапты. Десе де, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан соң әлем осы жағдайға тым жақын қалды, сонда Бразилияның сол кездегі Қаржы министрі Гуидо Мантега Американың тым төмен пайыздық мөлшерлемесін сипаттау үшін бұл терминді қолданды да.  АҚШ-тың соңын ала Жапония мен Еуропа да экспортты ұлғайтудың осыған ұқсас стратегияларын қабылдады, ал төмендетілген айырбас валюта бағамы – дамыған экономикаларды аяғынан тұрғызудың жарияланбаған, бірақ басты құралына айналды.

Сол сияқты, 2012 жылы еуроның долларға қатысты бағамын төмендеткеннен соң ғана еуро дағдарысы ауыздықталғандай болды. Біріккен Корольдіктегі экономистердің көбі атап өткеніндей, еуроаймақ елдерімен салыстырғанда, Ұлыбританияның икемді айырбас бағамы сол уақыттың қатерінен аман-есен өтуіне бірден-бір себеп болды.

Қалай болғанда да, негізгі орталық банктердің сандық жеңілдету (QE) саясатын қатар жүзеге асыруы валюта бағамдарына әсер етіп, дағдарыстан кейінгі валюта мәселесі саябырсыды. ХХІ ғасырдағы ықтиал алғашқы валюта соғысы тайғақ та әлсіз бейбітшілікке ойысты. Дегенмен, ірі экономикалар басқалардың алдында артықшылыққа ие болу үшін протекционизмге жүгінер болса, валюта мәселесі қайта пайда болады.

Оның үстіне, осыған бейіл саясаткерлердің қолындағы ұлттық валюталар – кәдімгі қару іспетті. Сондықтан, 1944 жылғы Бреттон-Вудс конференциясына қатысқан 44 ел тұрақты валюта бағамын ұстап тұрудың ережелерін бекітті. АҚШ бұл келіссөзде үстем позиция ұстанып, тарифтер мен сауда соғысынан ада халықаралық тәртіп орнатуға күш салды. Ал басқа елдерге шамамен тепе-тең сыртқы есептесуге мүмкіндік беретін айырбас бағамын ұстап тұрудан басқа амал қалмады.

Содан бері сауда соғысының қаупі үнемі валюта жайлы пікірталастың басталуын меңзеп отырды. Конфликт ушығып тұрған қазіргі сәтте Трамптың басқа елдердің валюталық саясатына шүйлігері анық еді. Ол Қытайды өз валютасын құнсыздандырды деп көп айыптады (тіпті ол бұған мүлде керісінше әрекет жасап жатқанда да). Еуропа Орталық банкінің президенті Марио Драгидің сандық жеңілдетудің жаңа кезеңін бастау туралы мәлімдмесіне туиттерде жауап берген Трамп: “Олар Қытай және басқалармен бірге бізден бірер жылға алға кетті” деп жазды.

1930 жылдардағы сияқты валюта соғысы да геосаясатты біреу толық жеңіп, енді біреуі жеңілетін ойын ретінде қарастыратындар үшін қызықты.  Трамптың Еуропа орталық банкін шабуылдауы бір жағынан саудаға қатысты мәселе, екінші жағынан осы арқылы Еуроодаққа мүше елдердің арасына сына қаққысы келеді. Еуропаның валюта жүйесін көптен сынап жүргендер айтатындай, Германия неміс маркасымен салыстырғанда еурода анағұрлым төмен сыртқы айырбас бағамын пайдаланып жүр. Әрі Трамптың айтуынша, Германия өз экспортерларының қамын күйттеп, меркантилистік саясат жүргізіп отыр, ал АҚШ бастаған Бреттон-Вудс тәртібі меркантилизм мен онымен жапсарлас жүретін бәсекелес девальвацияны болдырмауды көздейді.

Дегенмен, Бреттон-Вудс жобасының архитекторы Джон Мейнард Кейнстың айтуынша, соғыстан кейінгі реттеулерді одан әрі тереңдетіп, үлкен профицит не дефицитке жол берген елдерді жазалайтын институттық тексеру жүйелерін де енгізуге болар еді. Саудадағы теңсіздік үшін жазалау оның жаңа ғаламдық валюталық жүйе жоспарымен қатар жүрер еді. Ол жүйе “bancor” (француз тіліндегі “банк әзірлеген алтын деген” сөздің  қысқарған түрі) деп аталған жалпыға ортақ синтетикалық валютаға негізделуі тиіс болған.

Траптың назарын аударған сөзінде Драги еуроның әу баста бәсекелік девальвацияның алдын алу үшін шығарылғанын айтты. Кейнстан бері мемлекеттерге байланбаған жалпыға ортақ валюта құру идеялары (мәселен 1960 жылдардағы экономист Роберт Манделлдың ұсынысы) үнемі айтылғанымен, бірақ жүзеге аспай келеді.

Бірақ технологияның қазіргі дамуы жаһандық валютаның ауылы алыс еместігін аңғартады. Жақында ғана Facebook үкіметтер шығарған валюталар себетіне байланған  Libra атты цифрлық монета шығаратынын хабарлады. Facebook-тың айтуынша, бұл  әлемнің ең кедей адамдарын, соның ішінде банкте есеп-шоты жоқ 1,7 миллиард адамды қамту үшін жасалып отыр.

Қолданушылар базасының ауқымдылығы либраның қаржылық спекуляция үшін емес, айырбас үшін қолданылатын құрал боларын аңғартады. Бұл оның биткоин сияқты алғаш шыққан блокчейн валюталарынан түбегейлі айырмашылығы болмақ. Ол “майнинг” процесінің арқасында әдей дефицитке ұшырап отырады. Шыны керек, Facebook-тің либра туралы хабарландыруына негатив реакцияның көптігі қынжылтады. Дегенмен, жалпы жұрттың түрлі активтері негізінде жұмыс істейтін балама валюта болса, ол сыншылар айтып жүргендей соншалық қатерлі болмас еді.

Шынымен әмбебап валюта болса, жұрт тауарлар мен қызметтерді (соның ішінде өз еңбегін) сол валютамен сатып алып, сата алады, яғни жалақы ұлттық валютаға қатысы жоқ  валютамен өлшенеді. Бір аймақта бірнеше валютаның болуы алтын және күміс тиындардың бір-біріне қатысты бағалары құбыла беретін ежелгі дәуірге қайтып барғандай әсер қалдырады. Бұл – соншалық жаман шешім емес.

Алтын мен күміс бағасының құбылмалылығы жалақыны икемді етуге мүмкіндік беретінін естен шығармау керек, ал бұл жұмыссыздықты азайтуға жол ашады. Ғаламдық валюта (немесе валюталар) неғұрлым кеңінен қолданылған сайын валюта соғысының да ауылы алыстай береді. Технология экономикалық ұлтшылдық кесірінен болған іркілістерден ада жаһандық валюта жүйесі жайындағы армандарды қайта оятты. Мұны жүзеге асырудың басты қадамы – ақша мен ұлттық мемлекет арасындағы байланысты үзу. Қазір еуро осыны жасап жатыр.

Валюта соғысы тоқтай ма?Гарольд Джеймс – Принстон университетінің Тарих және халықаралық қатынастар профессоры, Халықаралық басқарудағы инновация орталығының аға ғылыми қызметкері.

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz