Капитализм үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі

Құрама Штаттардағы жұмыссыздық деңгейі 1960-шы жылдардың соңынан бастап ең төменгі 3,6% деңгейінде қалып отыр. Жұмыс берушілер шекті қызметкер үшін еңбек нарығын қатты  тарылып бара жатқандығын сезгендіктен, тіпті бұрын жұмыс орнын тастап кеткен адамдардың өзі кері қайтып жатқындығының белгілері де бар. Осы жаңалыққа сәйкес, АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасы Джей Пауэлл, ақыры жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысы өсіп жатқанын атап өтті.

Жалақысы төмен қызметкерлердің қуанышына орай, шілде айында АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасы федералды ең төменгі жалақыны сағатына 7,25 доллардан 15 долларға дейін  көтеру туралы заң жобасын қабылдады (алдағы жеті жыл ішінде біртіндеп жүзеге асады). Бірақ заңның республикалықтар бақылайтын Сенаттан өтуге мүмкіндігі жоқ. Сонымен қатар, Конгрестің бюджеттік Басқармасы 15 АҚШ доллары мөлшеріндегі ең төменгі жалақы 1,3 миллион төмен ақы төленетін қызметкерлер үшін жұмыс орындарын жоғалтуға алып келеді деп бағалап отыр.

Мұндай қарсылықтар Ұлыбританияда 2016 жылдың көктемінде айтылды, сол кездегі премьер-министр Дэвид Кэмеронның үкіметі ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлттық саясатын таныстырған  кезде. Алайда, соңғы үш жылда жұмыспен қамтудың кері өсуінің ешқандай белгілері болған жоқ. Ал соңғы айларда онжылдық стагнациядан  кейін жалақы өсімі  қайта бастау алды, ал Резолюция Қоры енді нақты (инфляциялық түзетумен) Ұлыбританиядағы орташа апталық жалақыкөлемінде өзінің 2007 жылғы тамыз айындағы 513 Фунт стерлинг ($660)  шыңынан асып кетуі мүмкін деп болжауда.

Бұл тақырып Ұлыбританиядағы сайлау алдындағы пікірталастарда әлі нақты көрсетілмегенімен, лейбористер де, консерваторлар да ең төменгі жалақыны одан әрі арттыру бағдарламаларын көздейді (олар екеуі де инфрақұрылымға шығындарды арттыру мақсатын ұсынатын секілді). Қыркүйек айының соңында Қазынаның канцлері Саджид Джавид 25 жастан асқан қызметкерлер үшін сағатына 8,21 Фунт стерлинг мөлшерінде ең төменгі жалақы 21 жастан асқан барлық қызметкерлерді де қамтитын болып кеңейтілетін болады деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ 2024 жылға қарай ең төменгі жалақы орташа жалақының үштен екісіне дейін өседі деп уәде етті. Қалып кетпес үшін, лейбористер өздері сайланатын болса, ең төменгі жалақыны  сағатына £10 дейін  көтеруге уәде берді.

Осы екі жақтың да бұл мәлімдемелері іскерлік ортада таңданыс тудырып, болашақ жұмыс орындарының шығыны туралы ескертулерден хабар берді. Және мен әлі де өзімді жоғары ең төменгі жалақы дәстүрлі экономикалық есептеу белгіленген шеңберден тыс пайда әкелуі мүмкін деген ойлармен қалғанымды аңғарамын. Капитализмге деген сенім дағдарысының өсіп келе жатқанын ескере отырып, бизнес-көшбасшыларға осындай саясатқа үлкен құлшыныспен қарау артық болмас еді.

Бұған дейін атап өткенімдей, соңғы онжылдықта АҚШ-та, Ұлыбританияда және басқа да батыс елдерінде Жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіштеріне қарамастан, бизнестің инвестициялық шығыстары өнімділік пен жалақының өсуі сияқты тым әлсіз күйінде қалып отыр. Бұл үрдістер теория бойынша инвестициялар үшін қолайлы болуы тиіс күшті корпоративтік пайда мен макроэкономикалық жағдайлар кезеңімен сәйкес келді.

Шынында да, төмен пайыздық мөлшерлемелер, жоғары пайда және корпоративтік салық салуды төмендету, айтарлықтай жоғары инвестициялық шығыстар үшін тамаша рецепт болып табылады. Бірақ оның орнына біз нақты және болжамды теңсіздіктің, сондай-ақ батыс елдеріндегі капитализм мен демократияға қарсы халықтық реакцияның күрт ұлғаюының куәсі болдық. Компаниялар кітаптағы инвестицияға арналған ынталандыруларға жауап бермейді, өйткені осы ұзақ мерзімде экономикалық негіздемені көрмегендіктен, немесе олар аз капиталды қажет ететін салаларда шоғырланған және жай ғана оларға көп ғимараттар мен жабдықтар қажет деп ойламайды, . Әрине, мәселе инвестиция жоқ болса өнімділік те жоқ екендігінде. Ал еңбек өнімділігінің өсуінсіз жалақының тұрақты өсуін күту екіталай.

Инвестициялардың артта қалуының себептері қандай болса да, мемлекеттік саясат мұнда өз рөлін атқаруы тиіс екені анық. Егер біз нарық құлдырауын көріп отырған болсақ, мемлекет үшін ақылға қонымды және қажетті инвестициялық шығындарды қамтамасыз ету орынды әрі дұрыс болып табылады –  Тори мен лейбористтер егер Ұлыбританияда сайлауды жеңген жағдайда жасаймыз деп ұсынып отырғандай.

Бірақ саясаткерлер сондай-ақ бизнес үшін тәуекел мен сыйақы есебін өзгерте алады, және мұны істеу тәсілдерінің бірі-ең төменгі жалақыны едәуір ұлғайту. Жалақысы төмен қызметкерлердің номиналды жалақысын арттыру нақты табыстарды, тұтыну шығындарын  арттыра отырып сонымен қатар тұрғын үйді қолжетімді етуге ықпал етеді. Және бұл минимумның артуы компаниялардың еңбекақыға арналған шығыстарын ұлғайтатын болғандықтан, бұл еңбекті капиталмен алмастыру үшін күшті ынталандыру болар еді. Бұл өндіріс көлемінің қысқаруына және бағаның өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ өнімділіктің өсуін қалпына келтірудің негізін қалау әрекеті болуы мүмкін.

Қалай дегенмен де, компаниялар осындай саяси өзгерістерге бейімделе алмайтынына қарсылық білдіретіндер үшін, мен 2015 жылдан бастап жиынтық сұраныс барынша күшті болып жалақы өсімдерін жабуға мүмкіндік жеткілікті болғанын атап өтер едім. Егер мұндай саясат компанияларға келесі тоқсанда табысты арттырудан да артық әлеуметтік мақсат бар екенін түсіндіре алса, соғұрлым жақсы.

Капитализм үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі

Джим О ‘ Нил, Goldman Sachs Asset Management бұрынғы төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғы Қаржы министрі Chatham House төрағасы.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz