Жалған | Газдалған сусындар ракты көбейтіп жібереді – Ахметбек Нұрсила

Әлеуметтік желілерде әсіресе, WhatsApp-та “қазақты қырған горилла” деген тақырыппен монтаждалған видео тарап жүр. Видеода “Бизнес бастау” кәсіпкерлік мектебінің басшысы – Ахметбек Нұрсила кезекті бір курсқа жиналған халыққа “газдалған сусындардың” зияны туралы айтып жатыр. Оның ішінде: “газдалған сусынддардың құрамында Аспартам (Е951) деген қант бар, оның бір тамшысы 1 тонна суды тәтті қылып жібереді”, “газдалған сусын адамның имунитетін түсіріп жібереді де ракты көбектіп жібереді” деген сияқты фактілер келтіреді. 

газдалған сусын адамның имунитетін түсіріп жібереді де ракты көбектіп жібереді”

Үкім: Жалған  

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) мәлімдемесі бойынша, газдалған сусындардың обыр (рак) ауруларының дамуына ықпал ететіндігі туралы мәліметтер ғылыми дәлелденбеген. 

Factcheck.kz сайты осы ақпараттың шынайылығын тексеру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолаған болатын. Жауап төмендегідей:

Scan

Ресми мәлімдемеге қарайтын болсақ, біз тұтынып жүрген “газдалған (энергетикалық) сусындардың” құрамында сипаттамасында көрсетілмеген мынадай заттар кездеседі: кофеин және құрамына кофеин бар өсімдіктер (шәй, кофе, гуарана, матені), сондай-ақ сергітетін әсері бар дәрілік өсімдіктер мен олардың экстрактары (женьшень, маралтамыр, қызғылт родиола, лимонник, элеутерококкты). Сонымен қатар, сырттан келетін “газдалған сусындардың” қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп, сараптама жасалады.

Сараптаманың нәтижесінде “газдалған сусындарда” қауіпті химиялық заттар анықталмаған.

“Ракты қоздыратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген бе?” деген сұрағымызға “газдалған сусындардың обыр (рак) ауруларының дамуына ықпал ететіндігі туралы мәліметтер ғылыми дәлелденіп расталмаған, алайда жүктілік кезінде, бала емізу кезінде және балаларға газдалған сусындарды қолдануға болмайды” деп жауап берді.  

Аспартам (Е951) дегеніміз не және “газдалған сусындардың” салдарынан қанша адам қайтыс болды?

Аспартам (Е951) тамаққа қолдануға рұқсат етілген тағамдық қоспа. Оның бір тамшысы бір тонна суды тәттілей алатындығы туралы ақпарат негізсіз.

Газдалған сусыннан елімізде қанша адам қайтыс болған?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі бойынша “газдалған сусындарды” пайдаланудан қайтыс болу жағдайлары Қазақстан аумағында тіркелмеген. 

“Газдалған сусындарға” байланысты ҚР ДСМ мониторингті қалай жүргізеді?

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 Бұйрығының 119-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,

газдалған сусындарды, оның ішінде энергетикалық сусындарды тәрбиелеу және білім беру объектілеріне қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өткізуге жол берілмейді.

Мемлекеттік санитария органы әр ай сайын алкогольсіз өнімдерден сынама алып, мониторинг жүргізіп отырады. 2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, алкогольсіз өнімнің 1094 сынамасы зерттелді, оның ішінде энергетикалық сусындардың 456 сынамасы зерттелді. Нәтижесінде 456 сынаманың 24-і (5,2%) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Мониторинг қорытындысы бойынша 3,8 тоннадан астам сәйкес келмейтін алкогольсіз өнім саудадан алынды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz