Тоқаев “55 шетелдік зауыт” туралы айтып, қауесетке сенбеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан билігі жерді ешкімге сатпайтынын және әрдайым халықтың сөзіне құлақ салатынын айтты. Сондай-ақ, 55 ескі қытайлық зауыттың Қазақстан аумағына көшіру жайлы қауесетке “сенбеуге” шақырды , деп хабарлайды “Vласть”.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында Тоқаев:

“Соңғы уақытта ел арасында жер шетелдіктерге сатылады, шетелдік 55 ескі зауыт ел аумағына көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмысшыға жұмыс беріледі деген қауесет тарап жүр. Біздің халық мұндай қауесетке сенбеуі тиіс. Мұндай қауесетті адамдардың патриоттық көңіл-күйлерімен манипуляция жасайтын, бұл ісі үшін эмоционалды, эпатажды адамдарды пайдаланатын, қастық ойлайтын адамдар таратады. Әлбетте, олар белгілі бір мақсатқа қол жеткізгізі келеді”, – деп атап өтті.

Президенттің пікірінше, “мұндай манипуляциялар геосаясаттың бір бөлігі, оның мақсаты-халықтың бірлігін бұзу және Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру”.

“Біздің халқымыз дана. Мен жерді ешкімге сатпайтынымызды тағы да айтқым келеді және әрдайым халықтың айтқанын еститін боламыз”, – деп уәде берді президент.

Жақында Factcheck.kz “Қазақстанға 55 ескі қытай зауытын көшіру” туралы мәлімдемені жалған деп атады. Талдау нәтижелерімен толығырақ мына жерде таныса аласыз.

Factcheck.kz