Facebook, Twitter және Youtube Трамп бөліскен бір топ дәрігерлердің жалған мәлімдемесі бар видеоны өшірді

Коронавирус туралы жалған мәлімдеме жасаған бір топ дәрігердің видеосы Facebook, Twitter және YouTube желілерінен өшірілді. CNN хабарлауынша мазмұны денсаулық сақтау саласы эксперттері дерегіне қарама-қайшы екеніне қарамастан Президент Трамп өзінің Twitter парақшасына видеороликтің сілтемесін бөлісіп үлгерген. Олардың нендей дәрігер, видеоның қандай ролик екенін талдайық.

americasfrontlinedoctors hashtag on Twitter
Симона Голд. Ролик скриншоты

Видео не туралы?

Breitbart News радиостанциясы жариялаған видеода пресс-конференция өткізіп, өзін “Американың алдыңғы қатарлы дәрігерлері” деп атаған ақ халат киген бір топ адам бейнеленген.

Сөз сөйлеу кезінде спикерлердің бірі доктор Стелла Эммануэль бірқатар күмәнді пікір айтады. Мысалы, коронавирустың таралуын тоқтату үшін адамдарға маска керек емес екенін, Covid-19-ды емдеуге арналған гидроксихлорохиннің тиімді еместігін көрсеткен кейінгі зерттеулер “жалған фармацевтика компаниялары” қаржыландырған “жалған ғылым” екенін айтады.

“Бұл вирусқа қарсы гидроксихлорохин, цинк пен цитромакс деген дәрілер бар, — дейді видеодағы әйел, — Дәрі барда сіздерге маска керек емес”.

CNN бұл мәліметтің безгекке қарсы препарат гидроксихлорохинге қатысты көптеген зерттеуге және денсаулық сақтау саласындағы лауазымды тұлғалардың вирустың таралуын болдырмау туралы ұсынымдарына қарама-қайшы екенін хабарлады.

Бұл адамдар кімдер?

Factcheck.Org пен Rolling Stone-дағы әріптестеріміз видеодағы бірде-бір дәрігердің эпидемиолог та, иммунолог та емес екенін, олардың көбі оңшыл консерватив қозғалысымен және COVID-19-ға қатысты астыртын әрекет теориясын насихаттаумен байланысы бар екенін анықтады.

Ұйым вебсайты бойынша, сөз сөйлеген дәрігерлерді доктор Симона Голд басқарады. Ол – Лос-Анжелесте шұғыл медициналық көмек беру маманы, бұған дейін үйде қалуға берілген бұйрық зиян деген ой айтқан еді. Мамыр айында Голд AP-қа айтқан пікірінде үйде оқшаулануға қарсы екенін білдіріп, сөз сөйлегісі келгенін мәлімдеген. Оның ойынша, Covid-19 туралы “қарапайым америкалық алаңдайтындай ешқандай ғылыми негіз жоқ”. Дегенмен сайттың өзі 2 аптадан аз уақыт бұрын ғана тіркелген (қазір сайт істемей тұр).

Facebook, Twitter және Youtube Трамп бөліскен бір топ дәрігерлердің жалған мәлімдемесі бар видеоны өшірді

Бұл топ Шай ішу қозғалысымен (2009 жылы құрылған консерватив қоры) байланысты сияқты. Топтың логотипі мен қордың автор құқығымен қорғалған Голдтың Трампқа жазған хаты парақшаға салынды.

Симона Голд – Калифорниядағы лицензиясы бар дәрігер, солай бола тұра ол жақын арадаға ғана консьерж-медицина қызметін (оның не екені мына сілтемеде) басқарды. Голд пандемия кезінде шұғыл көмек беру формасын киіп алып бірнеше рет сөз сөйлеген.

Дегенмен Голд ешқашан шұғыл көмек беру бөлімінде істемеген. Шын мәнінде, оның осы уақытқа дейінгі медицина саласымен жалғыз байланысы сол, 2015 жылы Лос-Анжелестегі Cedars-Sinai госпиталінде күнделікті жалақы бойынша жұмыс істеген. Онда да 3 апта. Бұл туралы FactCheck.org сұрауына жауап ретінде Cedars-Sinai госпиталінің баспасөз хатшысы Салли Стюарт айтқан.

Голд біздің әріптестердің қоңырауына жауап бермеген. Бұған дейін Стелла Эммануэль де сөйткен.

Facebook, Twitter және Youtube Трамп бөліскен бір топ дәрігерлердің жалған мәлімдемесі бар видеоны өшірді
Стелла Эммануэль

Стелла Эммануэль ұрық жылауығы сияқты кей ауруды жындар шақыратынын, қазіргі ем түрінде жатпланеталықтардың ДНҚ-сы қолданылатынын айтқан. Эммануэль жұмыс орны ретінде атаған Техастағы медицина орталығы 2019 жылдың қыркүйегінде ғана тіркелген. Клиника өкілінен бұл медицина орталығында COVID-19-дан гидроксихлорохин арқылы емдейтін-емдемейтінін сұрағанда, ол телефонды қоя салған.

Роликте сөз сөйлегендер туралы ақпараттар Rolling Stone мақаласында жазылды.

Трамп пен әлеуметтік желілер

Видео Facebook-та жылдам тарады, оны өшіргенше 14 миллионнан астам қаралым жинап, платформадағы ең танымал постқа айналған. Facebook-қа тиесілі аналитикалық компания Crowdtangle дерегі бойынша, қолданушылар ролик сілтемесін 600 мыңға жуық бөліскен.

Біз ДДҰ-ны сейілткен COVID-19 жайлы мифтерге қатысты жалған ақпаратты өшірдік

Facebook

Сейсенбі күні Facebook баспасөз хатшысы компанияның стандартын ұстана отырып, видеоны өшіруге “бірнеше сағат” кеткенін мойындады. Өкіл Facebook компаниясының “бұған не себепті әдеттегіден көп уақыт кеткенін” зерттейтінін айтты.

Twitter дүйсенбі күні кешке 100 мыңдаған қаралым жинаған роликтің әртүрлі фрагментін Трамп реттвиттеген соң өшірді.

Біз Covid туралы бұрмаланған ақпаратқа қатысты өзіміздің саясатымызға сай әрекет етіп жатырмыз.

Twitter

YouTube та видеоны өшірді: видео өшірілгенге дейін 40 мың рет қаралған.

Контекст

Мамырда Factcheck.kz гидроксихлорокинді Covid-19-ды емдейтін препарат ретінде жазуға қатысты БАҚ жарияланымдарына шолу жасаған еді. Препаратты бұлай көрсету, әуелі АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты, көп ұзамай препараттың жанама әсерлер қаупі мен тиімділік дәлелдерінің жеткіліксіздігіне байланысты әлем препаратты қолданудан бас тартты.

Factcheck.kz