200 теңгелік қағаз ақша қолданыстан шықты ма?

Номиналы 200 теңгелік монета шыққалы қағаз банкнотты қолдану азайған. Тіпті кейбір жерлер 200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдаудан бас тартқан жағдайлар да тіркелген. Осыдан кейін көпшілік арасында “200 теңгелік қағаз ақшалар жарамсыз” деген ақпарат тарап жатыр. Factcheck.kz оқырмандардың сұранысы бойынша ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.

200 теңгелік қағаз ақша қолданыстан шықты.

Тарап жатқан ақпарат

Үкім: Жалған 

Ұлттық Банктің бізге берген мәліметі бойынша, қазіргі уақытта банкнот қолданыста және 200 теңгелік монеталармен қатар жүреді, банктік операциялармен аударымдардың барлық түрлері бойынша жарамды. Қағаз ақшалар қолдану барысында тозығы жетіп азаятыныны болмаса, Ұлттық банк 200 теңгеліктерді қолданыстан шығармаған.

Номиналы-200-теңгелік-банкноттардың-төлем-қабілеттілігі-туралы

Банкнотты қабылдамаған жағдайда не істеу керек?

  • Ұлттық Банктің мәлеметінше, 200 теңгелік купюроларды қабылдамаған жағдайда, Банктің жақын маңдағы аумақтық филиалына барыңыз немесе ресми сайттағы байланыс телефондарына хабарласуға болады. Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 1477 нөміріне хабарлассаңыз болады;
  • Екінші тарап сізден банкнотты қабылдамаған жағдайда Ұлттық Банк видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береді;
  • Егер сізден банкнотты қабылдаудан бас тартатыны туралы айтса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылатыны туралы ескертіңіз! 

Материалды дайындаған: Бекболат Бектенұлы

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz