Фактчек | Руслан Дәленов ЖІӨ туралы

21 қазан күнгі ҚР мәжілісінің кезекті пленарлық отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылғы ЖІӨ деректері өзектіленгеннен кейін 0,9 трлн теңгеге «артып», қазір 69,5 трлн теңгені құрайтынын мәлімдеді. 10 жылдағы мәліметтерді тексеріп көреміз.

Мәлімдеме: 2019 жылы нақтыланған жалпы ішкі өнім 0,9 трлн теңгеге артып, 69,5 трлн теңгені құрады.

Руслан Дәленов

Үкім: Шындық

ҚР Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2019 жылы ЖІӨ өндірістік тәсілмен 69,5 трлн теңгені құрады (деректерді өзекті қылу мерзімі: 11.08.2020). 14.04.2020 күні деректері өзектіленген осындай құжатта басқа сан көрсетілген – 68,6 трлн. Осылайша, расымен, қайта есептеу арқасында ЖІӨ мөлшері шамамен 0,9 трлнға артқан.

Сондай-ақ жыл басында мүлдем басқа деректер жарияланғанын айта кеткен жөн. Мәселен, банктердің бірінің макроэкономикалық талдауында 67,7 трлн теңге деп көрсетілген.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, 2019 жылы экономиканың өсуіне тұрғын-үй құрылысы қарқынының артуы, пайдалы қазбаларды өндіру, сауданың өсуі, сонымен қатар қаржы саласы себеп болған. 2019 жылы «тұтынушы сұранысы бөлшек сауда мен тұтыну емес, несие қызметіне артқан». Сондай-ақ 2019 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 12,7%-ға көбейген.

Төменде: 10 жылдағы Қазақстанның ЖІӨ-і.

Әрине, Дүниежүзілік банктің мәліметтерімен де салыстырып, ЖІӨ-ді доллар бағамымен қарау керек. 2012 жылғы дәрежеге жетуге әлі ерте болғанымен, кейінгі бес жылда өсім байқалады.

Еске сала кетсек, Азия даму банкінің болжамы бойынша 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ 1,2%-ға төмендейді.

Factcheck.kz