Фактчек | Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы 500 мың теңге жалақы алады

29 желтоқсан күні қазақстандық телеарналар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатын көрсетті.

2018 жылдың соңында БАҚ өкілдері президенттің «Ипотека қазақстандықтарға қолжетімді» деген пікірін таратты:

«Егер бір отбасыда екі адам орташа жалақы алатын болса – шамамен 500 мың болады».

Президент жасаған мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Factcheck.kz ресми деректерді тексеріп, расымен де Қазақстанда бір отбасы жарты миллион ақша таба ма деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Жалған

Статистика комитетінің ресми мәліметіне сенсек, 2018 жылдың 3-тоқсанының соңындағы Қазақстандағы орташа айлық жалақы мөлшері бір адамға 161 783 теңгені құрады.

Осыған сәйкес, егер отбасы екі адамнан құралатын болса, «отбасылық» жалақы 500 000 теңге шамасында емес, 323 566 теңге.

Контекст: Қазақстанның аймақтары бойынша жалақы көрсеткіштері

Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 3-тоқсанының соңында Астанадағы орташа жалақы бір адамға 240 683 теңге, Алматыда 197 736 теңге болды.

Сонымен қатар, түсінікті болу үшін, Қазақстанның барлық аймақтары көрсетілген кестені ұсынамыз:

Фактчек | Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы 500 мың теңге жалақы алады
Ескерту: Орташа айлық жалақы салық және зейнетақы қорын, сыйақы мен үстемені есептей отырып жасалады.

Тұрғындардың жан басына шаққандағы орташа табысы

«Қазақстан Республикасының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері» құжатында 2018 жылдың қаңтар-қараша айларындағы экономика және әлеуметтік сала дамуының негізгі көрсеткіштері берілген және қазақстандықтардың табысы туралы ақпарат бар.

Фактчек | Назарбаев: Қазақстанда бір отбасы 500 мың теңге жалақы алады

Осылайша, жан басына шаққандағы нақты табыс айына — 91 125 теңге болғанда, отбасылық жалақы 500 000 теңге деп айтуға ерте.

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz