Ақышев былтыр не деп алдады?

2019 жылы ақпанның 25-інде Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметінен кетті. Оның орнына Ерболат Досаев отырды.

Ақышев бұл қызметін 2015 жылы қарашаның 2-сінен бері атқарып келген. Factcheck.kz орталық банк төрағасының былтыр айтқан кейбір мәлімдемелерін жинап, олардың рас-өтірігін анықтап көрдік.

Мәселен, 2018 жылы желтоқсанның 11-інде Ақышев теңгенің құнсыздану себебін былай түсіндірген:

“Ұлттық банк теңгені еркін айналымға жіберген. Бұл – теңге курсы Ұлттық банк қатысуынсыз, валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне қарай өзгеріп отырады деген сөз. 2018 жылы теңгенің құлдырауына мұнай бағасының төмендеуі, Федералдық резерв жүйесінің мөлшерлемені көбейтуінен АҚШ валютасы – доллардың нығая түсуі, сондай-ақ ресейлік рубльдің құнсыздауы себеп болды. Қазақстан Ұлттық банкі белгілі бір курс бекітпейді және айырбас курсының қандай да бір индикаторларын пайдаланбайды”.

Үкім: Жалған

Ұлттық банк басшысы шатасқан болуы керек. Себебі бас банктің индикаторлар пайдаланбауына априори болмайды – оның қаржы нарығын мониторингілеу (!) функциясы да осы индикаторға негізделеді.

Экс-төраға ол уақытта “құралдарды” меңгезеген болуы керек, бірақ Ұлттық банктің өзі таратқан 25.01.2019 жылғы №2 пресс-релизінде Данияр Ақышевтің сөзіне қарама-қайшы хабар жазылған:

“Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша және тұрақты қолжетімді құралдар бойынша бір айда 396,2 млрд теңгеге ұлғайды және желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша 3,1 трлн теңге болды”.

Ақышев биржадағы валюта интервенцияларын жасалатынын ұдайы мойындап та келеді және “нарыққа бұлай араласу артында экономикалық мүдде тұрғанын” айтады.

Тап сол жолы айтқан “теңге курсының төмендеуіне ресейлік рубльдің құлдырауы себеп” деген сөзіне 2018 жылы сәуірдің 11-інде өзі және бір мәлімдеме жасап, қарсы шықты:

“Әрине, рубльдің де әсері бар, бірақ ол – негізгі фактор емес. Мұнай нарығында не болып жатқанына қараңыздаршы — кешеден бері баррелі 70 доллардан асты. Экономикалық өсім деңгейі жоғары, инфляция төмендеп келеді. Мұндай жағдайда теңге курсы рубльге тікелей тәуелді болмайды”.

2018 жылы желтоқсанның 11-інде Данияр Ақышев теңгенің құлдырауын былай түсіндірді:

…2018 жылдың 11 айында қаржы нарығында теңге құны 11,8 пайыз құнсызданды…

Үкім: Үкімі жоқ

Алайда Ұлттық банктің біз жоғарыда келтірген пресс-релизінде бұған аздап қайшы келетін мынадай сөйлем жазылған:

“2018 жылғы желтоқсанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 3,4%-ға әлсіреп (жыл басынан бастап 15,6%-ға әлсіреді), бір АҚШ доллары үшін 384,2 теңге болды”.

Яғни, Ақышев қарашада айтқан 11,8 пайызға қаңтарда жарияланған релиздегі 3,4 пайызды қоссақ, 15,6% емес, 15,2% болады. Ұлттық банкке сенеміз бе, басшысына нанамыз ба – түсініксіз.

Дедолларизация ма?

Бұған қоса Ұлттық банк төрағасы басқа валютадағы депозит көлемі азайып жатқанын, яғни елде долларизация деңгейі бәсеңдеп бара жатқанын ұдайы айтады. Алайда бұл мәлімделердің қашан жасалғанына үңіліп қарасаңыз, Ақышев бұлай деп долларизация деңгейі қысқа ғана уақытқа төмендеген кезеңде айтады:

8  айдың қорытындысы бойынша:

Ақышев былтыр не деп алдады?

11 айдың қорытындысы мынадай:

Ақышев былтыр не деп алдады?

Үкім: Манипуляция

2018 жылдың қорытындысы жазылған пресс-релизде мынадай дерек бар:

“Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 569,0 млрд теңгеге дейін 6,1%- ға өсті, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 8 984,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы желтоқсанның соңында 48,4%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда 47,7%). Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы желтоқсанда 5 017,3 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 879,2 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға ұлғайды (заңды тұлғалар депозиттерінің 49,3%-ы). Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4 551,7 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға дейін, шетел валютасындағы депозиттері 4 105,1 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 47,4%-ы)”.

Өсім болды ма өзі?

2018 жылдың 8 айында кредиттеу көлемі жайлы айтқан Ақышев сөзі тағы да Ұлттық банктің ресми хабарламасынан өзгешерек болды. Ақышевтің айтқаны – міне.

Ақышев былтыр не деп алдады?
Дереккөз:  https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/271905-daniyar-a-yshev-nesie-nary-ynda-y-zha-daj-a-t-sinik-berdi

Үкім: Манипуляция

Тап осындай статистика 12 айдың қорытындысы жазылған релизде беріледі.

“Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы желтоқсанның соңында 13 091,8 млрд теңгені құрады (бір айда 1,8%-ға өсті). Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 7 789,1 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 5 302,6 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды. Қайта құрылымдаудан өткен және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 7,4%-ды немесе 883,5 млрд теңгені құрайды”.

Factcheck.kz