Зомби-фейк | Жасанды дәрілерден 12 бала қайтыс болды

Factcheck.kz оқырманы WhatsApp әлеуметтік желісіндегі отбасылық чатқа он екі баланың өлімі туралы хабарлама келгенін айтып, бізден тексеріп көруімізді өтінді.

Зомби-фейк | Жасанды дәрілерден 12 бала қайтыс болдыХабарламада Алматы қаласында 12 бала контрабандалық жолмен келген дәрілерге аллергия беріп қайтыс болғаны айтылады.

Балалар ауруханаға жетіп үлгермепті-мыс. Хабарламада «қауіпті дәрілердің» тізімі де берілген: амоксициллин, ибупрофен суспензия, антисепт және т.б.

Тізімде 10 препарат бар. Соңында «барлық өнімді аптекадан алып тастағанша» бұл дәрілерді қолданбауға шақырады.

Біз бұл тараған хабарламаны тексеріп, нәтижесімен бөлісіп отырмыз.

Үкім: Фейк

Нақтырақ – зомби-фейк. Мұндай хабарламалар 2012 жылы пайда болды, ал 2014 жылы фейктің кең тарағаны соншалық, оны Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина және басқа да посткеңестік елдер теріске шығарды. Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдеді:

Қаланың денсаулық сақтау басқармасы Алматы қаласында дәрілік заттардың кесірінен 3-12 жас аралығындағы 12 баланың қайтыс болғандығы туралы хабарламаның жалған екендігін мәлімдейді.

Factcheck.kz редакциясы  оқырмандарды біздің әдістемелік бөліміміздегі материалдарды пайдаланып ақпараттың рас-өтірігін тексеріп алуға шақырады.

Сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін мынадай жазалар қолданылатынын ескертеміз:

ҚР ҚК 274 Бабына сәйкес фейк таратқаны үшін үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz