Жартылай шындық | Амандық Баталов: «Алматы облысында 2 млн халық тұрады, олардың 80%-ы ауыл тұрғындары»

4 ақпан күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Tengrinews сайтына берген сұхбатында облыста 2 млн халық тұратынын және оның 80%-ы ауыл тұрғындары екенін айтты. Factcheck.kz Амандық Баталов келтірген деректің рас-өтірігін тексеріп шықты.

Жартылай шындық | Амандық Баталов: «Алматы облысында 2 млн халық тұрады, олардың 80%-ы ауыл тұрғындары»
Скриншот Tengrinews.kz сайтынан алынды

Үкім: Жартылай шындық

Амандық Баталов айтқан дерек шындыққа жақын, бірақ, нақты статистикалық мәліметте олай емес.

Алматы облысында 2 039 376 халық тұрады. Олардың ішінде 1 581 997-і  ауыл тұрғындары. Яғни, Алматы облысынының 80 %-ы емес, 77, 5% -ын ауыл тұрғындары құрайды. 2,5 % аз сан болып көрінгенімен (49 503 адам), бұл Талғар немесе Қапшағай тұрғындарынан да көп екенін ескергеніміз жөн.

Жартылай шындық | Амандық Баталов: «Алматы облысында 2 млн халық тұрады, олардың 80%-ы ауыл тұрғындары»
Дерек Алматы облысы статистика департаментінің сайтынан алынды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz