Жалған | Швейцария мен Сауд Арабиясында шетелдікке тұрмысқа шыққан әйелдердің құқын шектейтін заң бар

25 маусым күні Караван медиа-порталы Qazaquni.kz сайтында жарық көрген материалдың аудармасын жариялады. Материалда Жолымбет Мәкіш есімді журналистің әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан қазақ қызының қытай жігітке тұрмысқа шыққанына жазған пікірі берілген. Оның айтуынша: «Әлемнің көптеген елдерінде, мәселен, Сауд Арабиясы мен Швейцарияда шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздың құқын шектейтін заң бар» екендігі де айтылады. Тақырып қызу талқыланып жатқандықтан, швейцарлықтар мен арабтар расымен осындай қатал ма деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Права женщин в Казахстане

Түпнұсқа:

Гендерное неравенство на Востоке испокон веков и до наших дней

Үкім: Жалған

Швейцария

Біз Швейцарияның неке және отбасы заңын қарап шықтық. Бірақ швейцарлық азамат немесе азаматшамен некеге тұрғанда қойылатын шектеу туралы ақпарат таппадық. Мына сілтеме мен автоматты аударманы пайдаланып некеге тұратын адамдардың азаматтық құқықтарымен таныса аласыз.

Гендерное равенство в Швейцарии
Федералдық мекеме сайтынан скрин. Сілтемені пайдаланыңыз.

Ал мында Швейцария азаматшасына үйленген адамға керек ақпарат бар. Бұл жерде де заң жүзінде ешқандай құқықтық шектеу жоқ. Ресей Федерациясындағы Швейцария елшілігі өз елінің азаматшаларына үйленгісі келгендердің жүгін жеңілдетіп, мынадай ақпаратпен бөліскен. РФ-ның бас консулдығы да өз сайттарына Швейцариядағы неке және отбасы туралы заңнан пайдалы ақпарат салып қойған. Өкінішке қарай, Қазақстандағы Швейцария елшілігі мен Швейцариядағы Қазақстан елшіліктерінің сайтында мұндай ақпарат жоқ.

Сілтемеден 1995 жылы қабылданған жыныс теңсіздігі туралы заңды оқи аласыздар. Сонымен бірге, швейцарлықтар «бір жынысты жұптарды заңдастыру туралы заң» референдумында бірінші болып (2005 ж.) гомосексуалды некелерді қолдады.

Тарихи контекст: Швейцарияның бұлыңғыр өткені

Бірақ Швейцарияда тыныштық туралы заң секілді ойға қонымсыз заңдардың бар екені белгілі. Швейцария әйелдерге дауыс беру және сайлауға қатысу құқын 1971 жылы берді, ал кантон Аппенцелль-Иннерроден әйелдердің дауыс беру құқын 1990 жылы ғана мойындады. Неке және отбасы мәселесінде де бұл ел өркениет әлеміне тек 1985 жылы аяқ басты. Сол жылы референдумда отбасында әйелдер ер азаматтармен бірдей құқыққа ие болды. Оған дейін ер азаматтар әйелдерінің жұмыс істеуін шектеуге, тұратын жерді таңдауда және т.б. мәселелерде өз үстемдігін жүргізуге құқылы болатын. Бұл күндер өтті.

Сауд Арабиясы

Сауд Арабиясында шетел азаматына тұрмысқа шыққан әйелдің құқын шектеу жайлы сұрақ фактчекингтің шекарасынан асып кетеді. Сауд Арабиясында әлі күнге дейін гендерлік теңсіздік бар және қоғамның барлық саласында әйелдер (шариғат заңы бойынша) төмен тұрады (жанында туыс ер азамат (немесе жолдасы) болмаса бөтен еркекпен тілдесуге де болмайды). Ол туралы Уикипедиядан да оқуға болады. Әлемнің гендерлік кемсітушілік рейтингінде (The Global gender gap report) Сауд Арабиясы 2017 жылы 138 орында болатын (144 елдің ішінде).

Анықтама үшін: Швейцария 21-ші орында.

Ендеше араб әйелдерінің шетелдікке тұрмысқа шығуы туралы айтқан орынды ма? 2013 жылы үкімет араб қыздарының басқа ел азаматтарына тұрмысқа шығуға рұқсат берді (2010 жылы Корольдық тұрғындары шетелдікпен некелескені үшін айыппұл төлеп, банктен несие ала алмайтын). Енді әйел күйеуі мен балаларының ресми асыраушысы бола алады. Жеке куәлігінде «араб әйелінің күйеуі» деген белгісі бар шетелдік азамат жеке секторда жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Бірақ күйеуі балалары сияқты Сауд Арабиясының тұрғыны бола алмайды. Мұндай балаларға мекен-жай түрін беру үшін салықты мемлекет төлейді. Осылайша, халықаралық неке болғанның өзінде араб әйел бұл елдің басқа әйелдерімен тең құқылы.

 

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz