Жалған | Қызылордада жолбарыс жүр

Қазақстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қызылорда облысында жолбарыс жүргені туралы хабарлады. Жол жиегінде жүрген жолбарыс видеосы әлеуметтік желілерде де таралып жатыр.

Жалған | Қызылордада жолбарыс жүр

Үкім | Жалған

Қызылор трассасының бойында жолбарыс жүргені туралы ақпараттың жалған екенін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Біріншіден, Қазақстанда жолбарыс жоқ. Олар өткен ғасырда өмір сүрген, олар жойылып кетті…
…. Төртіншіден, Қызылордада ауа райы жылы. Сондықтан облыста қар жоқ», – делінген С.Ділдахметтің парақшасында.

Аталған видеоға қатысты Factcheck.kz сайты да шағын зертеу жасап көрген еді. Жол бойындағы жолбарыстың видеосы 9 ақпан күні ohotairybalka_m инстаграм парақшасында жарияланған. Онда видеоның Ресейде Хабаровск өлкесіндегі Гасси көлінің маңында түсірілгені айтылған.

Жалған | Қызылордада жолбарыс жүр

Factcheck.kz инстаграм арқылы видео авторына хабарласқан болатын. Андрей есімді (an__drei001) Ресей тұрғыны аталған видеоны өзі түсіргенін жеткізді және дәлел ретінде видеоның түпнұсқасын және телефондағы түсірілім дерегі көрсетілген суретін де жіберді. Андрей есімді қолданушының сөзіне сүйенсек, видео Хабаровск қаласынан 134 шақырым жерде, Гасси көлінің маңында түсірілген.

Назар аударыңыз! Видеода нормативті емес лексика бар.  

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz