Жалған | Қасым-Жомарт Тоқаев фейсбук желісіне тіркелді

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның уақытша Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Facebook-те парақша ашқаны таралды.

Расында, Qasym-Jomart Toqayev атын иеленген аккаунт Facebook желісіне 17 сәуір күні тіркелген.

Үкім: Жалған

Шынында Тоқаев мырза фейсбук желісіне тіркелмеген. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр.

– деді Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген тек екі аккаунт қана бар және олардың ешқайсысында аккаунттардың растығын дәлелдейтін белгі жоқ. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан – @TokayevKZ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты. Бұдан өзге желілерде тіркелген аккаунттардың барлығы —жалған. 

Factcheck.kz сайтының журналисі

Factcheck.kz