ЖАЛҒАН | ДДСҰ деректерді Википедиядан алады

    Бағдат Мусин, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы:

    РЕЙТИНГТІ ҚАРАП [ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫ ҰСЫНАТЫН ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША ЕЛДЕР ТІЗІМІ], ДЕРЕКТЕРДІҢ САЙТТАН [ВИКИПЕДИЯДАН] АЛЫНАТЫНЫН АНЫҚТАДЫҚ: HTTPS://EN.WIKIPEDIA.ORG/…/LIST_OF_COUNTRIES_BY_SUICIDE_RATE. ОНДА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ СУИЦИД ДЕҢГЕЙІН ӨЗ БЕТІНШЕ КӨРСЕТЕТІН МҮМКІНДІГІ БАР, ЕРКІН ТҮЗЕТУГЕ ДЕ БОЛАДЫ.

    Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында осындай жазба жариялап, ҚР Құқықтық статистика комитетінің суицид бойынша деректерін келтіріп, оны басқа дерек көздерімен, соның ішінде ДДСҰ деректерімен салыстырады.

    Дереккөз: Бағдат Мусиннің Facebook профайлынан

    Үкім: Жалған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Википедия деректерін пайдаланбайды.

    Бағдат Мусин өз жазбасында Википедиядағы ағылшын тіліндегі List of countries by suicide rate мақала нұсқасына сілтеме жасайды (Суицид көрсеткіші бойынша елдер тізімі). Бүгінгі таңда ол жерде рейтинг көрсетілген екі кесте бар. Бірі – ДДСҰ 2015 жылғы деректерімен, екіншісі – 1985 жылдан 2015 жылға дейінгі әртүрлі дерек көздерінен алынған мәліметтер бойынша.

     

    Дереккөз: Wikipedia

     

    Википедияға күмән келтірушілер шын мәнінде аз емес, өйткені мақалаға кез келген адам өзгеріс енгізе алады. Алайда, оның ашықтық принципіне кемшілік деп қарау шарт емес: Википедияның кез келген мақаласына енгізілген өзгеріс «Өзгеріс тарихында» сақталады, ол жерден мақаланың барлық алдыңғы нұсқасын қарап, оларды бір-бірімен салыстыруға және өзгерісті кім енгізгенін көруге болады.

    Осы тетікті пайдалана отырып, ДДСҰ ұсынған суицид туралы мәліметтер ең алдымен Википедияда жарияланды ма, әлде ДДСҰ ресми сайтында жарық көрдіме, соны біле аламыз.

    Дереккөз: Wikipedia

     

    Мақаланың тарихынан көріп отырғанымыздай, ДДСҰ 2015 жылғы деректерін 2017 жылғы 13 сәуір күні Sockerkorn деген пайдаланушы енгізген, ол тиісті белгілі қоюды да ұмытпаған – Updated data to WHO 2015«2015 жылғы деректерді жаңартты». Оған дейін мақалада 2012 жылдың статистикасы тұрған болатын. Деректерді пайдаланушы ДДСҰ ресми сайтынан алған, оны да тиісті сілтемемен көрсеткен.


     

    Википедиядағы өзгеріс тарихын қалай оқуға болады?

     


     

    Бұл сілтеме ДДСҰ сайтындағы ұйымға мүше барлық елдерде 2000 – 2015 жылдары жасалған суицид көрсеткіші туралы дерекке алып барады. Біз статистиканың жаңарған уақытына назар аударған едік, кестенің жоғарғы жағында 2017 жылдың 4 сәуірі көрсетілген.

    Дереккөз: Who.int
    Дереккөз: Who.int

     

    Егер ДДСҰ көрсеткен күнді Википедиядағы деректердің жаңарған күнімен салыстырсақ, ДДСҰ деректерді Википедиядан алуы қисынсыз екенін көреміз, өйткені Википедияда ол кейіндеу жарияланған.

    Сондай-ақ, Википедияның мақалаларды өзгерту тарихынан келесі жайтты байқаймыз: ҚСжАЕК пайдаланушысы ДДСҰ кестесіндегі қазақстандық статистикаға өзгеріс енгізген. Дегенмен, Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің деректері ДДСҰ деректерімен сәйкеспейді, статистиканы өңдеу әдістері әртүрлі болғандықтан, ол Вики-мақаланың екінші кестесінде көрсетілуі тиіс еді.

    Дереккөз: Wikipedia

    Sockerkorn атты пайдаланушы да бірнеше рет осыны айтып, ресми дерек көзін көрсетуді өтінеді. Ал ҚСжАЕК пайдаланушысы бірнеше рет мекеменің ресми сайтына сілтеме жасайды, алайда, онда мақаланы редакциялаған нұсқада бар деректер суицид статистикасында көрсетілмеген.

    ДДСҰ деректері мен Құқықтық статистика комитетінің мәліметтері бір-бірінен алшақ. Бұл сәйкессіздіктер және статистикаға неліктен сенуге болмайтыны туралы біздің басқа материалымыздан оқи аласыздар.

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.