ЖАЛҒАН | БЖЗҚ бұрынғы басшысы Ерденаев: Біздің жалақымыз нарықтағы орташа жалақыдан төмен

    ЕНПФ
    Фото : Radiotochka.kz

    Мұндай мәлімдемені 2015 жылдың 30 наурызында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры директорының орынбасары жасаған еді.

    Естеріңізге сала кетсек, биылғы қаңтар айынан бастап Руслан Ерденаев Қордың өз активтерін инвестициялауымен байланысты тексеруге орай қамауда отыр.

    Үкім: Жалған

    Топ-менеджер Ерденаевтың аймақтардағы қызметкерлердің жалақысы 70-80 мың, ал орталық аппаратта 100 мың теңгеден сәл жоғары дегені шындыққа жанаспайды. Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинскаяның сөзіне қарағанда, топ-менеджерлер айлықтан бөлек 30 миллиард теңгеге дейін өтемақы алған.

    Ерденаев 2015
    Скрин: Tengrinews.kz

    Алайда, Tengrinews.kz сайтындағы скринге сүйенсек, Ерденаев бұл аталған жалақы көлемі тікелей БЖЗҚ жетекшілеріне төленгенін айтады.

    Бұл мәлімдеменің жалған екені сандардан-ақ көрінеді.

    Егер аймақтағы орташа жалақы 70-80 мың болса, ал орталық кеңседегілер 100 мыңнан сәл артық алып жүрсе, онда Қордың орташа жалақысы шамамен 90 мың теңге болуы керек.

    Ал 2017 жылдың 18 мамырында БЖЗҚ қазіргі басшысы басқа сандарды айтты (олардың рас-өтірігіне қатысты жауапкершілік Наурызбаева ханымның мойнында):

    2014 жылы БЖЗҚ қызметкерлерінің орташа қызметтік жалақысы 116 380 теңге болды;

    2015 жылы – 163 732 теңге;

    2016 жылы – 166 542 теңге.

    Жалақы көлеміне қатысты статистикалық деректер

    ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректеріне сай, республика бойынша бір жұмыскердің орташа номиналды айлық жалақысы мынадай:

    2014 жылы – 121 021 теңге;

    2015 жылы – 126 021 теңге;

    2016 жылы – 142 351 теңге.

    Аударған Жұлдыз Әбділда

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.