ЖАЛҒАН | Астанадағы Әбу-Даби Плазада құрылыс жұмысы кезінде альпинистер қаза болған

    abu-dhabi plaza
    Фото: astana.gov.kz

    WhatsApp мессенджері арқылы қатты желдің әсерінен әрі-бері шайқалған альпинистердің арқанға асылып тұрғаны түсірілген бейнеролик тарады.

    «Бұл бүгін Астанадағы Әбу-Даби плазада болған жағдай! Құрылыс жұмысы кезінде қатты боран болды. Альпинистер қолдары іліккен дүниені қармауға тырысты. Ақырында барлығы қаза болды», – деген комментарий қоса тарады.

    Скриншот: WhatsApp

    Үкім: Жалған

    Шын мәнінде бұл бейнеролик 2009 жылы Алматыда түсірілген. Сол кезде «Есентай-Тауэрс» ғимаратының терезесін жуу кезінде төрт альпинист қаза болған еді.

     

    Скриншот: ktk.kz сайтынан

    Дегенмен, КТК арнасының бұл материалында ғимараттың биіктігіне қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат бар екенін айтқан жөн – Алматыдағы ең биік ғимарат 38 қабатты.

    Өнеркәсіптік альпинистер түсірілген бейнематериал Youtube желісіне 2010 жылдың наурыз айында салынғанымен, Алматыдағы қайғылы оқиға 2009 жылдың 2 тамызында болған.

     

    Скриншот Youtube

    Қазақстандағы қатты желге байланысты тараған жалған ақпарат мұнымен шектелмейді. WhatsApp желісі арқылы Астанаға қатты жел келе жатқаны жөнінде, оның Алматыны да айналып өтпейтіні жөнінде де қауесет тарағаны белгілі.

    Бұл қауесетті Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жоққа шығарды.

    Скриншот sputniknews.kz сайтынан

     

     


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.