Жалған: АҚШ президенті Таяу Шығысқа әскер жібереді

Reuters-тің хабарлауынша президент Дональд Трамп New York Times басылымының АҚШ-тің ресми өкілдерді Таяу шығысқа 120 000  әскер жіберу жобасын талқылады деген ақпаратын жоққа шығарды.   

Осыған дейін New York Times  Иранның кез-келген шабуылына қарсы тұру мәселесі аясында немесе елдің ядролық қару өндірісін күшейтуіне байланысты осындай жоба талқылануы мүмкін екенін айтқан еді. 

Трамп журналистерге:

«Бұл ақпаратты жалған деп ойлаймын. Мен мұндай шешім қабылдар ма едім? Сөзсіз. Бірақ мұны жоспарламаған едік. Мұны талқыламаймыз деп үміттенемін. Таяу Шығысқа әскер жіберуді қарастырсақ та, санын көбейтер едік» деді. 

Бұған дейін БАҚ АҚШ қорғаныс министрінің қызметін атқарушы Патрик Шанахан Иран Америкаға шабуыл жасаса немесе ядролық қару өндірісін күшейткен жағдайда аймаққа 120 000 америка әскерлерін аттандыру жоспарының жаңартылған түрін ұсынды деп хабарлаған еді. 

Әкімшілік өкілдерінің айтуы бойынша жаңартылған жоспар әскер санын көбейтуді талап ететіндіктен  Иран аумағына басып кіруді көздемейді.

Factcheck.kz