Елордалықтың кепілдікке алынғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

Елордада кепілдікке адам алынғаны туралы ақпарат расталмады. Полиция «куәгермін» деген азаматтың сөзін жоққа шығарып, қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту жасады. Қалалық полиция департаментінің ресми мәлімдемесін NewTimes.kz таратты.

Полиция таратқан мәлімдемеде:

«Автор видеоны сипаттау барысында кепілдікке алынған адам туралы айтады. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлаймыз»

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде ломбард тоналуының куәгермін деген адам видеоролик таратқан еді. Видео түсіру барсында ол ломбардтың ішінде кеплідікке адам алған қарулы қылмыскердің барын айтады. Видео Instagram-дағы Za_rulem_astana тобында жарияланған.

Астаналық полиция департаментінің ақпараты бойынша, 3 сәуір күні Гёте көшесіндегі ломбардқа түскі үзіліс кезінде белгісіз адам кіріп, қаруға ұқсас құралмен қызметшіні қорқытып, ақша беруді талап еткені туралы ақпарат түскен. Ақшаны алған қылмыскер белгісіз бағытта қашып үлгерген.

Полиця видеоны сипаттаған қолданушыға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік бар екендігін ескертеді (5000 АЕК, немесе түзету жұмыстары, немесе бес жылға дейін шарты түрде бас бостандығынан айыру).

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz