Халыққа бағдарланған AСЕАН қауымдастығына қарай жол

СЕУЛ – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Қауымдастығының (АСЕАН) басшыларымен алғашқы кездесуім АСЕАН құрылуының 50 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келгеніне қуаныштымын. Осы 50 жыл ішінде Корея Республикасы ғана емес, бүкіл Азия өзгерді. АСЕАН-ның экономикалық динамизмді пайдалану мен таратудағы рөлі аймақтың табысты болуында маңызды болды.

Корея үшін АСЕАН ерекше әрі құнды дос болды. Өткен жылдың өзінде алты миллионға жуық кореялық АСЕАН-ға мүше елдерге туристер ретінде де, бизнес мақсатымен де барды. АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің шамамен 500 мың азаматы қазіргі уақытта Кореяда тұрады және жұмыс істейді, ал АСЕАН елдерінде 300 мыңға жуық корей азаматы тұрады және жұмыс істейді.

Бұл Кореяның АСЕАН-мен байланысының үкіметаралық қарым-қатынастардан гөрі кеңірек екенінің бірден-бір мысалы. Біздің байланысымыз көп адамның өмірін қоса алып өтетіндей терең.

Бұл факті ешкімді таңдандырмауы тиіс. 2015 жылы қарашада өткен 27-саммитінде АСЕАН басшылары қабылдаған АСЕАН-2025: Алға қарай бірге ұмтылу атты бағдарламада АСЕАН қамқор және бірлігі жарасқан, «адамдарға бағдарланған, адамдарды бірінші орынға қоятын қауымдастық болуға ұмтылады» деп айтылған. Бұл қауымдастықтың, сондай-ақ, инклюзивті және халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейі жақсарған орын болуы керектігі де аталып өткен.

«Халықты бірінші орынға қою» – менің ұзақ уақыт бойы сақтаған саяси философиям және бұл Кореяда бір жыл бұрын қысты жылытқан елдің «шамшырақ төңкерісі» рухына сәйкес келеді. Корея мен АСЕАН адамдарды бағалайтын ортақ құндылықтары бар және олардың ортақ көзқарасы Корея мен АСЕАН-ның алдағы уақытта және онжылдықтар бойы бірге жүретін жолын белгілейді.

2010 жылдан бастап, Корея мен АСЕАН стратегиялық серіктестер ретінде маңызды қадамдар жасады. Алайда, бүгінгі таңда Корея-АСЕАН ынтымақтастығы, негізінен, саяси, қауіпсіздік және экономикалық мәселелердегі үкімет бастаған ынтымақтастыққа бағытталған болатын. Мен Корея мен АСЕАН ынтымақтастығын «халықты» басты тақырып етіп, әрі қарай дамытуға көмектескім келеді. Менің мақсатым АСЕАН-мен бірлікте «барлық мүшелері бірге алға басатын, бейбіт және адамдарға бағдарланған қоғамдастық» құру. Мұны ағылшын тілінде «үш P» әрпімен қорытындылауға болады: «Адам (People), өркендеу (Prosperity) және бейбітшілік (Peace)».

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мен «халыққа бағытталған дипломатияны» қолдайтын боламын. Сондықтан, осы сәттен бастап Корея мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастық біздің қауымдастықтың барлық халықтарының арасында қоғамдық пікірді құрметтейтін және оларды қатысуға шақыратын болады.

Осы мақсатта және АСЕАН-ның 50 жылдық мерейтойын атап өту үшін биылғы жылды «Корея-АСЕАН мәдениет жылы» деп атап, әртүрлі мәдени және адамдардың алмасуын белсенді түрде қолдадық. Өткен қыркүйекте Кореяның оңтүстік портты қаласы Пусанда АСЕАН мәдениет үйі (ACH) ашылды. ACH ASEAN серіктес елінде ашылған алғашқы орталық және ол Корея мен АСЕАН мүшелерінің арасында мәдени және адамдар арасындағы алмасу үшін хаб, яғни орталық болады деген үміт бар. Корея үкіметі бұл алмасуды, әсіресе болашақта Корея-АСЕАН қатынастарын басқаратын жастар арасындағы алмасуларды қолдап, кеңейтуге тырысады.

Біз адамдар қауіпсіз жерде тұратын бейбітшілік қоғамын құруға тырысуымыз керек. Азияда Солтүстік Кореяның ядролық қаруы мен зымырандарының қатеріне, сондай-ақ, біздің бизнесімізге, әлеуметтік және азаматтық инфрақұрылымға және біздің ресми мекемелерімізге төнген дәстүрлі емес қауіпсіздік қатерлеріне (терроризм, зорлық-зомбылыққа толы экстремизм) тап болдық. Корея үкіметі корейлер мен АСЕАН халқының бақытты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге ұмтылатын болады, бұл барлық AСEAN мүше мемлекеттерімен екіжақты және көпжақты деңгейде бірлесіп, өзімізге төңген қауіпсіздік мәселелерін еңсеруді білдіреді.

Сонымен бірге, АСЕАН елдері мен Корея азаматтарына пайда әкелетін үлкен гүлденуді нығайтуға тырысамын. Халыққа бағытталған ынтымақтастықтың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін аймақтағы барлық елдер бірге өсіп, бірге дамуы керек. Өзара өркендеу үшін құрылымды құру тауарлар ағынын жеңілдету және адамдар арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту үшін аймақтық және трансұлттық кедергілерді төмендетуді талап етеді. Қысқаша айтқанда, AСEAN динамизмі оның енжарлығына байланысты болуы керек.

Сондықтан, Корея «AСЕАН-2025 Өзара байланысының басты жоспары» және «AСEAN интеграциясының жоспары бойынша бастамасы» атты АСЕАН елдерінің экономикасы мен азаматтары арасындағы байланысын күшейтуге бағытталған бағдарламаларын белсенді қолдайтын болады. Біз, сондай-ақ, аймақтағы еркін және инклюзивті өсуге жол ашу үшін, Корея-АСЕАН еркін сауда келісімдерін одан әрі ырықтандыру бойынша келіссөздер қарқынын жеделдететін боламыз.

Корея тағы бір дайындық үстінде, себебі 2018 жылдың ақпан айында Пхенчхан Олимпиада және Паралимпиада қысқы ойындары өтетін болады. Біздің дайындығымыз осы Ойындардың бүкіл әлем бойынша татуласу, бейбітшілік, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы хабарды жеткізуге бағытталғанын көрсетуге негізделген.

Мен баршаңызды Пхенчхандағы бейбіт және қуанышты қысты тамашалауға шақырамын және Корея мен АСЕАН арқылы қарқынды дамып келе жатқан белсенділікті де көре жатарсыз. Корея мен АСЕАН-ның ортақ үлестерін біліп, тыңдауға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

[Редакторларға арналған ескертпе]: AСEAН аймақтық топ , оның құрамына Бруней, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Тайланд және Вьетнамды қамтитын он Оңтүстік-Шығыс Азия елі кіреді. Корея Республикасы АСЕАН-ға «диалогтық серіктес» және АСЕАН-мен стратегиялық әріптестік байланысы бар.

Халыққа бағдарланған AСЕАН қауымдастығына қарай жолМун Дже Ин – Корея Республикасының Президенті.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017.
www.project-syndicate.org

Factcheck.kz