Сингапурда фейк жаңалықтармен күресу үшін арнайы заң қабылданды

Сингапур үкіметі фейк жаңалықтарды және жалған ақпаратты жоюға бағытталған заң қабылдады. ABC News сайтының хабарлауынша жаңа заң билік өкілдеріне шифрланған хаттары бар қосымшаларға қожеткізу үшін қосымша өкілеттін береді.

Заңды бұзған жағдайда айыпталушы он жылға дейін бас бостандығынан айрылады және 1 миллион сингапур долларын(735 мың АҚШ доллары) төлейді. 

Үкімет Сингапурдың «өте ашық мемлекет» екенін алға тартады. 

Сыншылар интернетте жалған әрекет пен манипуляциядан қорғауға арналған заң ретінде танылған жоба әлемде ең ірі заң жобаларының бірі. Бұл заң БАҚ еркіндігін және сөз бостандығын одан сайын шектейді.

Жаңа заң жақын арада күшіне енеді.

Сәуір айының соңында Бірікке Ұлттар ұйымының сөз бостандығы құқығы бойынша арнайы баяндамашысы Дэвид Кэй Сингапур үкіметіне хат жолдады. Хатта жаңа заң «заңды пікірлерді, қоғамдық пікір таласты және үкіметтің саясатына бағытталған сынды болдырмайтын» жобаға байланысты алаңдаушылығын білдірді. 

Сингапур парламентінің мүшелерінің көп бөлігі заңды қабылдауға дауыс берді.

Заң талабына сәйкес Азияда штаб пәтері бар Google, Facebook және Twitter платформалары Сингапур билігі жалған деп тапқан хабарламаларды өшіруі тиіс. 

Сондай-ақ, заң бойынша онлайн форумдарындағы ғана ақпаратты өшіріп қоймай, WhatsApp және Telegram месенджерлері арқылы тараталыған хабарламаларды да қадағалап отырады. Әзірге заңның қолданылу аясы белгісіз. 

Журналист Кирстен Хан ABC басылымына “үкімет заңға түзетулер еңгізуді қарастырмайды” деп мәлімдеген еді. 

Алайда, үкімет заң жобасының сөз бостандыққа берер пайдасы көп деп сендіріп келеді.

Ішкі істер министрі Касивисванатан Шанмугам қылмыстық санкциялар әдейі жалған ақпарат таратқан жағдайда ғана қолданылатынын хабарлады. 

Министрдің абайсызда жалған ақпарат таратқан жағдайда қылмыстық іс қозғалмайтынын айтты. 

 

Factcheck.kz