Шыңғысхан туралы негізгі қазақстандық миф: Дүниені дүр сілкіндірген көсем – қазақ

Қазақстандық БАҚ қайсыбір тарихшылардың шын мәнінде Шыңғыс ханның қазақ болғанын айғақтайтын матералдарын оқтын-оқтын жариялаудан шаршамайды. Сөйтіп жүргенде қырғыз бұрынғы президенті жұртты шатастырып, «казахи – это мы, которые 500 лет назад поставили султаном чингизида» деп салды.

Арғы тегі туралы ойланған кез келген қазақ «осы мен Шыңғысханның ұрпағы емеспін бе?» деген сұраққа жауап іздеген болар, алайда мұның жауабы әр адамның қиялының жеткен жеріне дейін шарықтайтыны белгілі. Мұндай сұрақтың өзі мағынасыз болып көрінуі мүмкін. Өйткені бұл өте күрделі процесс. Дегенмен біз «Шыңғысхан бізге кім болып келеді?» деген контексті мейлінше талдап көрген едік.

Чингисхан

Чингисхан
Бұл нұсқада адам айтса нанғысыз жағдайда табылған зират, әлемді жаулаушының «шын» ұлты туралы мәліметтермен қатар марқұмның бүгінгі Қазақстанда тұп-тура 800 жыл сыбайлас жемқорлықпен күресетіні айтылған…
Чингисхан
Тағы бір назар аударарлық мәтін
Чингисхан
Бізге Шыңғысханның кім болғаны маңызды ма, әлде біздің кім екеніміз маңызды ма?

Үкім | Манипуляция

Ашық дереккөзден (соның ішінде ортағасырлық деректер де бар) тапқан мәліметтерімізге сүйенсек, Шыңғысхан мен оның туыстарының қазақ этносының қалыптасуына ықпал еткені сөзсіз, қазақтардың моңғолдармен туыстығы да осыдан көрінеді. Ал көсемнің ұлты қазақ болды деген әңгіме дәлелденбеген. Шыңғысхан «қазақ» сөзі ұлтты білдіретін кезеңнен көп бұрын қайтыс болды. Ал «емін-еркін ел кезген» оның жаны ХІ-ХІІІ ғасырлардағы түсінік бойынша «қазақ» та болған шығар.

Шыңғысхан: R1b-M343 пе, C3c-M48 бе?

C3c-M48 – Шыңғысханның гаплотобы (бұл топ кейбір қазақ руларының өкілдеріне тән) деген де болжам бар. Алайда 2016 жылғы қыркүйек айында PLos One басылымында жарияланған зерттеу нәтижесі күмән тудырып отыр.

Шыңғысханның туыстары болуы мүмкін деген жорамалмен Таван Толгой (Моңғолия) зиратынан алынып зерттелген сүйектерден ол адамдардың негізінен Еуропада көп кездесетін R1b-M343 галлотобына жататыны анықталды. Яғни Шыңғысханның этникалық тұрғыда кім екенін және оның ұрпақтары кімдер екенін айтқан уақытта нендей гипотезаны негізге алу керектігі беймәлім.

Моңғолдар мен қазақтардың туыстығын анықтауға арналған тағы бір маңызды зерттеу бар. 2011 жылдың наурыз айында жаңағы Plos One басылымында Моңғолия халқы мен Алтай қазақтарының генетикасын салыстырған зерттеудің нәтижесі жарияланды. Зерттеуді Ресей ғылым академиясы Сібір филиалының Цитология және генетика институтының ғалымы Людмила Осипова және Теодор Шурр мен Меттью Дулик (Пенсильвания университетінің генетиктері) жүргізді. Зерттеу нәтижесінің қысқаша мазмұны Шуррдың түсініктемесімен бірге PHYS.ORG және 365info.kz сайттарында жарық көрді.

Ер адамның Ү-хромосомасы мен әйел жағынан берілетін митохондриалды ДНҚ қосарлы зерттеуінің нәтижесі бойынша, Шурр, Осипова және Дулик бастаған ғалымдар қазақ этносының қалыптасуында ХІІІ ғасырдағы моңғол экспансиясы маңызды рөл ойнаған деген қорытындыға келген.  

Шурр:

The sweep of people coming in from Mongolia was largely male. They left their imprint on much of Central Asia, including Kazakh populations, and we’re able to see that more clearly with paternal lineages than maternal ones.

Моңғолиядан келгендердің дені ер адамдар болған, олар Орталық Азияның көп бөлігінде, соның ішінде Қазақстан халқына да генетикалық жағынан «із» қалдырған. Біз бұл ықпалды әйелдер жағынан емес, ер адамдар жағынан нақты аңғарып отырмыз.

Моңғол болған…

Енді моңғолдың ежелгі әдеби ескерткіші – «Құпия шежіреге» жүгінсек. Бұл әдеби туындыда Шыңғысханның моңғол болмағанын білдіретін титімдей де емеурін жоқ (орта ғасырдағы моңғолдар бізге ешқандай үміт қалдырмаған екен).

Анықтама: 1941 жылы С.А.Козиннің аударуымен орысша шыққан «Сокровенное сказание. Монгольская хроника 1240 г. под названием Mongγol-un Niγuca tobčiyan. Юань Чао Би Ши. Монгольский обыденный изборник» кітабының аннотациясынан.

Бізге жеткен ең көне қолжазба моңғол тілінде жазылған, қытай иероглифтерімен транскрипциясы берілген және қытайша аудармасы да бар. Транскрипция XIV ғасырдың соңында оқу мақсатымен, қытайлар моңғол тілін үйренуі үшін жасалған. Бұл әдеби ескерткіштегі моңғол тілі өте көне болып есептеледі, Н.Н.Поппе жіктеуі бойынша ол Шығыс-орта моңғол диалектісіне келеді.

Чингисхан
Жазушы, тарихшы, Гарвард университетінің профессоры, Америкадағы моңғол зерттеулері мектебінің негізін қалаушы Френсис Вудман Кливздың аудармасында «Құпия шежіре» Шыңғысханның ата-анасының кездесуін осылайша суреттеген.
Чингисхан
Дәл осы үзінді Архимандрит Палладий аудармасында

С.А.Козиннің аудармасымен жарық көрген шежіре мәтінінен «қазақ» деген сөзді де, қазақтың «қият» тайпасының атауын да таба алмадық. Тіпті Шыңғысханның жақын туыстары мен арғы бабаларына, соның ішінде анасы Оэлунға қатысты тұстарында да жоқ. Дегенмен, Құпия шежіреде жаулап алынған қырғыз халқы туралы жазба бар…

Қоян жылында (1207)… Жошы Түмен-Қырғыздарға шабуыл жасады. Сонда Жошыға Қырғыз нояндары Еди, Инал, Алдияр және Олебек келіп, бағынатындарын айтып, билеушінің аяғына жығылған…

Енді тарих пәнінің оқулығына назар салсақ. Қазақстан азаматтары осы оқулықтармен оқиды ғой.

7-сынып. «Қазақстанның ортағасырлық тарихы» оқулығы:  

Қазақ» сөзі ежелгі түріктер дәуірінде пайда болып, түрік халықтарының жерінде ХІІІ ғасырға дейін қолданыста болды… «Қазақ» сөзінің мағынасы «ерікті, кезбе» деген мағынаға ие… Тек XIV ғасырдан бастап қана бұл сөз этникалық мағынаға ие болды.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz