«Шындықтан қаша алмайсың»: Алматыдағы марафон кезінде бірнеше адам тұтқындалды

Алматыда өткен марафон кезінде полиция бірнеше адамды тұтқындады. Бұл жағдайды фейсбук парақшасында жариялаған Жанна Прашкевичтың айтуы бойынша тұтқындалғандар: Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова және Сүйінбике Сүлейменова.

Прашкевич жазбасында “олар Қазақстандағы әділ сайлау үшін шықты”, “шындықтан қаша алмайсын. Менің таңдауым бар” деп жазды.

Ұсталғандардың қазіргі мекен-жайы кейіннен анықталды.

«Сотқа кіріп келе жатырмыз. Рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін Асия 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін (448, 3 бөлім)» деп Алматы қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотын белгілеп Әсем Жапишева жазды.

«Шындықтан қаша алмайсың»: Алматыдағы марафон кезінде бірнеше адам тұтқындалды
Сурет Ирина Медникованың фейсбук парақшасынан алынды

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда белсенділер марафонда ұрандар жазылған екі плакат алып шықты.

Сағат кешкі 6 шамасында Әсем Жапишева фейсбукта «Асиямен бірге болған Толымбеков Бейбарыс 488 бап бойынша 15 тәулікке қамалды»

Сондай-ақ Жапишева:

«Асияның сот ісі басталды. Ол да Бейбарысты қолдау мақсатында бірдей жаза беруді сұрады. Бірдей 488 бап бойынша» деді.

Сәуір айының басында ұрып-соғу бабы бойынша «Настоящее время» порталының журналисі Светлана Глушковаға астана соты айыппұл салды. Оқиға наурыздың 22-сі «Шапағат» базарының жанында болды. Бұл күні елорда тұрғындары кейбір дереккөзге сәйкес қала атауын ауыстыруға қарсы жиналысқа шықты. Сол күні Глушкованы полиция ұстап әкетті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері журналисті тұтқындамағанын, тек 17 жасар қыздың “дене жарақатын алдым” деген арызынан кейін әкімшілік істің материалдарымен таныстырғанын айтып түсіндірді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz