Шындық | Назарбаев: Қазақстан – бизнес жүргізу бойынша Орталық Азиядағы ең үздік ел

2018 жылы қыркүйектің 7-сінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Бір белдеу, бір жол” бастамасының бес жылдығы құрметіне өтіп жатқан Қазақстан-Қытай бизнес-форумының қатысушылары алдында видео арқылы сөз сөйледі. Назарбаев “ел инвестициялық климатты жақсартуға ерекше мән беріп отырғанын, бұған Қазақстан-Қытай қатынасы дәлел екенін” айтты. “Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, бизнес жүргізу бойынша біз өңірдегі ең үздік елміз”, – деді президент.

Үкім: Шындық

2019 жылғы “Doing Business” рейтингінде (“Бизнес жүргізу”) Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан я Тәжікстанға қарағанда (Түркіменстан индекске кірмейді) біршама жоғары орында тұр. Алайда эксперттер бағалайтын 10 критерийдің төртуінде ғана көш бастап тұр.

2006-2016 жылдар аралығында Қазақстан “Doing Business” рейтингінде төрт рет ең үздік 10 реформатор қатарына кірді – “осы уақыт аралығында елде орта және шағын бизнесті бақылау жолдарын жеңілдету мақсатында 36 реформа іске асқан”. Билік бәрінен бұрын өнеркәсіп ашу процесінде көп нәрсеге қол жеткізген (10 жылда 6 реформа). “Осы және өзге де жұмыстар арқасында” Қазақстан 2019 жылғы рейтингіде бірден сегіз саты көтеріліп, 28-орынға жайғасты. Көршіміз Қырғызстан – 70-орын, Өзбекстан – 76-орын, Тәжікстан 126-орында тұр.

Шындық | Назарбаев: Қазақстан - бизнес жүргізу бойынша Орталық Азиядағы ең үздік ел
 «Doing Business 2019: Training For Reform» есебінен скрин

Ескеретін бір жай бар…

Қазақстанның рейтингіде мұндай жоғары орынға қалай көтеріліп кеткенін түсіндірейік:

  • Біріншіден, жыл сайын жарияланатын “Doing Business” рейтингі ең ірі іскерлік қалалардағы аxуалды есепке алады. Яғни, Қазақстан көрсеткіштері Алматы кәсіпкерлерінің жағдайын ғана көрсетеді. Рейтинг жасаумен айналысатын Дүниежүзілік банк сарапшылары: “Басқа аймақтардағы кәсіпкерлер бақылаудың жергілікті түрлеріне кезігеді” деп жазады. 2016 жылы олар ел ішінде зерттеу жүргізіп, Алматыдағы кәсіпкерлік аxуалы бірнеше критерий бойынша Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай және Өскемен қалаларынан жақсы екенін анықтаған.

  • Екіншіден, индекс жасаудағы ең негізгі қателіктің бірі – “тиімді ереже” экономикаға жақсы әсер етеді” деген түсінік. Яғни, рейтинг жасау кезінде көбіне жұмыс істеп тұрған заңдар мен нормативтің-құқықтық актілердің қалай жазылғаны әсер еткен. Оның үстіне “Doing Business” сарапшылары өздері зерттеген бағыттағы аспектінің барлығын зерттей бермейді. Бұдан бөлек макроэкономикалық тұрақтылыққа, қаржы жүйесінің дамуына, жұмыс күшінің сапасы мен жемқорлыққа, нарық бағасы мен қауіпсіздікке мән бермейді.

  • Үшіншіден, 2018 жылғы рейтингіде үздік реформатор елдер қатарына бір жыл ішінде кәсіпкерлер қызметін бақылау саласында бес реформа қабылдаған Өзбекстан кірген. (Қазақстан да тар сол аралықта осы тізімге кірген.) Соңғы бес жылда Қазақстан – 49-орыннан 28-ге, Өзбекстан 166-дан 76-орынға көтерілген. 2018 жылдың жазында президент Шавкат Мирзиеев “2020 жылға дейін елде “Doing Business” рейтингінде жиырмалыққа кіретін жағдай жасауды тапсырды. Биылғы рейтингіде реформа саны бойынша Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұрған – Қырғызстан. 

  • Төртіншіден, 2018 жылы Қазақстан “Doing Business” рейтингін өңір елдері арасында төрт субиндекс бойынша көш бастап тұрды: инвесторларды миноритарлау (бұл жағынан біз әлем бойынша бірінші орындамыз), салық салу, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету және салық төлеуге қабілетсіз деп мойындау. Қырғызстан құрылыс салуға рұқсат алу, жекеменшікті тіркеу, кредит алу, xалықаралық саудаға қолайлығы жағынан бірінші орында тұр. Өзбекстан өнеркәсіп құру мен оларды электр жүйесіне қосу процесін жеңілдету жағынан “тамаша” көрсеткіштерге қол жеткізген.

Казақстанның өзге бизнес-рейтингілердегі орны

Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілет индексінде көп көрсеткішпен қатар, әлемде бизнес-процестердің динамикасын да өлшейді. Мұндай критерийлер тобы кәсіпкерлер мен отандық бизнес өкілдеріне қойылатын әкімшілік талаптарға анализ жүргізеді. 2018 жылғы есептегі осы субиндекс бойынша Қазақстан (37-орын) Қырғызстан (93) мен Тәжікстаннан (102) алда. Өзбекстан мен Түркіменстан көрсеткіштері есептелмейді де. 8 критерийдің біреуі бойынша ғана Қазақстан екінші орында – Тәжістан, есеп авторларының ойынша, инновациялық компаниялар санының өсуі жағынан алда.

Wall Street Journal мен Heritage Foundation зерттеу орталығы жүргізетін экономикалық еркіндік индексі кәсіпкерлердің қаншалықты еркін екенін де сараптайды. Бұл компонент “нормативтің-құқықтық база мен инфрақұрылым өнеркәсіп жұмысына қаншалықты кедергі” екенін есептейді. 2018 жылғы рейтингіде Қазақстан өңірдегі барлық елден алда, тек Қырғызстаннан бір балы кем. Бұған қоса Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан ғана бизнес-еркіндік бойынша “балын” арттыра алған.  Есеп авторлары Шавкат Мирзиеевтің саясаты жайлы «Жаңа үкімет инвестициялық климатты жақсартудың қажеттігі мен іскерлік секторды реформалауға қосамша шара қабылдап жатыр” деп жазады.

Forbes журналы жасайтын Бизнеске ең қолайлы елдер рейтингінде мемлекетті 15 өлшем бойынша бағалайды: жекеменшік құқығын сақтау, инновациялар, салық салу, технология, жемқорлық, инфрақұрылым, нарықтың көлемі, саяси қауіптер, өмір сапасы, еңбек күші, еркіндік (жеке, сауда, қаржы), инвесторлардың қорғау, бюрократия. 2017 жылдың соңында басылым Қазақстанды 65-орынға қойып, “ел кәсіпкерлерін жемқорлық, бюрократия, заңсыздық пен банк секторының ахуалы, саяси жүйедегі тұрлаусыздық” алаңдатады. Өзбекстан – 99-орында, Тәжікстан – 108, Қырғызстан 123-орында тұр. Есеп авторлары “Бюрократиялық кедергілермен күресіп жүрген – Өзбекстан, Қырғызстан кәсіпкерлерге еркіндік беруге күш салып жүр” деп жазады.

Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz