Шындық | Латвияның жекеменшік жоғары оқу орындары мен колледждерінде орыс тілінде сабақ беру тоқтатылды

Маусым айының 25-і күні “Караван” медиа-порталы Qamshy.kz сайты жариялаған мақаланы көшіріп басты. Онда Латвия парламенті заңға өзгеріс енгізгені туралы айтылады. Жекеменшік білім беру орталықтары, оның ішінде жоғары оқу орындары мен колледждерде орыс тілінде оқыту тоқтатылды делінген. “Караван” газеті мақаланы аударғанда мәтіннің өңін өзгертіп жіберген. Шын мәнінде, әңгіме орыс тілінде берілетін білім емес, орыс тіліндегі пәндер туралы болып тұр. Анықтау үшін материалдың түпнұсқасын тексереміз.

Шындық | Латвияның жекеменшік жоғары оқу орындары мен колледждерінде орыс тілінде сабақ беру тоқтатылды

Түпнұсқа:

Русский язык в Латвии

Үкім: Шындық

Расымен Латвия Сеймі 21-ші маусым күні елдің барлық жоғары оқу орындары мен колледжерінде мемлекеттік тілде (латыш тілінде) сабақ беру туралы заңға (56-шы бап) өзгерістер енгізді. ЕО елдерінің мемлекеттік тілінде сабақ беру бұрынғыдай жалғаса береді.

Руссуий язык в Латвии
Латыш тілінен тікелей аударма. 4-ші жолда Білім беру министрлігі ұсынған өзгерістер, 6-шы жолда Сейм енгізген өзгерістер.

Түпнұсқа:

Шындық | Латвияның жекеменшік жоғары оқу орындары мен колледждерінде орыс тілінде сабақ беру тоқтатылды

Бұдан бұрын Сейм тілдік нормаларға қатысты мектеп реформасын бекіткен болатын. Заңнамадағы өзгерістерге орыстілді орта қарсылық танытып, біраз дау болған еді. Біздің сұраққа қазақ-латыш парламентаралық тобының мүшесі, Сеймнің 12-ші шақырылымының депутаты Елена Лазарева фейсбукта жауап берді:

“Жекеменшік мектептерге қатысты норма осы жылдың наурыз айында қабылданды. Бұл Заңның күшін Конституциялық сот жоя алады. “Согласие” партиясы Конституциялық сотқа жоғары оқу орындарына қатысты шешімді қайта қарау үшін арыз жазды. Егер Сеймнің жаңа құрамы келіссе  заңның өзгеруі әбден мүмкін. Жаңа Сейм осы жылдың қараша айында өз жұмысын бастайды. Сонымен бірге оны Латвия немесе Еуропалық Конституциялық сот жоя алады. Бірақ оның нәтижесін ұзақ күту керек.”

Контекст

Наурыз айында Сейм жалпыға ортақ білім беру туралы Заңға өзгерістер енгізді.

Билингвизм мен аз ұлттар (олардың оқу бағдарламасы мен ана тілінде сабақ беру) және бекітілген орта білім бағдарламасын біріктіретін 42-ші бап, 2-ші бөлімі алып тасталды. Бұдан бұрынғы заңдағы өзгерістерді сілтемеден қараңыз.

Сонымен қатар, 43-ші бапқа да өзгерістер мен толықтырулар енді. Оқу орны мемлекет бекіткен оқу бағдарламасынан бөлек кіші ұлттар мен басқа да ортақ оқу контенттерінің тілін үйрену үшін қосымша сағат ала алады.

Бұдан шығатын қорытынды, Латвияда орыс тіліндегі сабақтар тоқтаған жоқ. Оқу орны қаласа негізгі сабақтардан тыс уақытта орыс тіліндегі сабақтарды өткізе алады. Анықтама үшін: Латвияның орыстілді халқы шамамен 36%-ды құрайды.  

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz