ШЫНДЫҚ | Келімбетов: Ұлттық банктің қазіргі төрағасы Ақышев ӘХБ инвестиция тартуды қолдаған

    safe

    Қазақстан халқының басым бөлігі Қазақстан Әзербайжанның ірі банктерінің бірінен 71,3 миллиард теңгені қайтарып ала ма, жоқ па деген мәселеге бас қатырып отырғаны белгілі. Ал біз Қайрат Нематұлы мен Данияр Талғатұлының арасындағы келіспеушіліктің қайдан шыққанына көз жүгірткен едік.

    Дерек көзі: Informburo.kz
    Дерек көзі: Informburo.kz

    Үкім: Шындық

    Әзербайжан халықаралық банкіне инвестиция тарту туралы шешім қабылданған уақытта Данияр Ақышев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі Кеңесте басқарма мүшесі болған.

    Естеріңізде болса, Ұлттық банктің қазіргі төрағасы зейнетақы жинағының сәтсіз салымына өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын:

    Әзербайжан халықаралық банкінің облигацияларын сатып алу жөніндегі шешімді БЖЗҚ қызметкерлері емес, сол уақытта ұлттық банкте қызмет еткендер қабылдаған болатын.

    Биылғы көктемде Данияр Ақышев осындай мәлімдеме жасаған. Және мұнысы рас та.

    Фактілерді салыстырсақ…

    Данияр Ақышев өзге тоғыз адаммен бірге ҚР Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы №753 жарлығымен БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі Кеңес құрамына кірген.

    Дереккөз: ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі
    Дереккөз: ПАРАГРАФ ақпараттық жүйесі

    2014 жылдың қазан айында БЖЗҚ зейнетақы жинағына Әзербайжан халықаралық банкінің 250 миллион доллар тұратын қарыз құнды қағаздары сатып алынған, құнды қағаздардың айналымы 10 жылға дейін және купон ставкасы жылына 8,25%.

    Данияр Талғатұлының ресми биографиясына сүйенсек, үш ай бұрын, яғни 2014 жылғы 29 тамызда ол Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған.

    Алайда, Данияр Ақышев қызметін Ақордаға ауыстырғанымен, Кеңес мүшелігінен шыққан жоқ. Өйткені, Президенттің Кеңестің жеке құрамын бекіту жөніндегі жарлығы тек 2015 жылдың 16 қарашасында ғана күшін жойды.

    Дерек көзі: adilet.zan.kz
    Дерек көзі: adilet.zan.kz

    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.