ШЫНДЫҚ | 26 жасар жігіттің жүргізуші куәлігінде 13 категорияға рұқсат етілген

Желі қолданушыларын таңғалдырған жаңалықтың бірі – қарағандылық жігіттің жүргізуші куәлігі. 26 жасар И.Ариновтың жүргізуші куәлігінде 13 категорияға рұқсат берілуі біреулерді таңғалдырса, енді біреулер бұған сенімсіздік танытып жатты. Алайда, Ильясқа 13 категорияға да рұқсат етілгені рас болып шықты.

Үкім: Шындық

ШЫНДЫҚ | 26 жасар жігіттің жүргізуші куәлігінде 13 категорияға рұқсат етілген
Скриншот Lada.kz сайтынан
nur.kz
Скриншот nur.kz сайтынан

Куәлік суретінің түпнұсқасын іздеу барысында бұл сурет тек қазнетпен шектелмей, шетелдік сайттарда да талқыланып жатқанын байқадық. Желіде тараған сурет арқылы куәлік иесін тауып алып, сұхбаттастық. Желі қолданушыларын таңғалдырған куәлікті видео арқылы көріп, оның ешбір сурет өңдеу бағдарламалары арқылы жасалмаған түпнұсқа екеніне көз жеткіздік. 

 

Factcheck.kz