ШЫНДЫҚ | 2016 жылы 1000-нан аса отбасы ата-ана құқығынан айырылған

    13 ақпанда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «2016 жылы Қазақстанда 1000-нан аса отбасы ата-ана құқығынан айырылды» деп мәлімдеген болатын. Министрдің сөзін Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестері де растап отыр.

    Үкім: Шындық

    sputniknews.kz
    sputniknews.kz сайтынан скрин
    365info.kz
    365info.kz сайтынан скрин
    caravan.kz
    caravan.kz сайтынан скрин

    Жақында caravan.kz сайтында да осы сарындағы мақала жарияланып, Білім және ғылым министрлігінің мәліметтері келтірілді. Ведомство өкілдері жарияланған материалдағы деректерді растап, төмендегідей жауап берді:

    2016 жылы ата-ана құқығынан 1027 отбасы айырылды және де 185 отбасында ата-ана құқығы шектелді. Ата-ана құқығына шектеу қойылған немесе ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың балалары басқа отбасына орналастырылып, қамқорлыққа (қорғаншылыққа), асырап алуға, патронатқа алынады, отбасына орналастыруға мүмкіндік болмағанда, жетім балаларға немесе ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелерге орналастырылады.

    Елімізде келесідей жағдайда ата-ана құқықтарынан айырады:

    75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
    1. Егер ата-аналар:

    1) ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

    2) өз баласын перзентханадан (оның бөлімшесінен), жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарынан және өзге де ұйымдардан алудан дәлелсіз себептермен бас тартса;

    3) өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;

    4) балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса;

    5) спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айырылады.

    1. Ата-аналар өз баласының, жұбайының не отбасының басқа да мүшелерінің өмiрiне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады.

    ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекс.  Adilet.zan.kz порталынан алынды

    Қасымовтың сөзін нақтылау мақсатында органның баспасөз қызметіне хабарласқан едік, олар бұл жайт қызметтік құзырларына кірмейтінін мәлімдеді.

    medianet 001
    ҚР ІІМ берген жауабы
    27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының және Астана қаласы сотының соттылығына жатқызылуы
    1. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар баланың тұрғылықты жерін айқындау; ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау және басқа адамдарда болатын баланы айырып алу туралы; бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру туралы; бала асырап алу және оның күшін жою туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға жіберу туралы даулар бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; кәмелетке толмағанның әкесін анықтау және одан алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз табыстарына өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмағанды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; әке болуды анықтау туралы және баланы күтіп-бағуға пайыздық қатынаста немесе нақты ақшалай сомада алименттер өндіріп алу туралы; алименттердің мөлшерін азайту туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.
      Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

    ҚР Азаматтық процестік кодексі. Adilet.zan.kz порталынан алынды


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.