RT «жаңалықты бұрмалады» деген күдікке ілінді

RT ресей басылымының Telegram-каналы «жаңалықты бұрмалады» деген күдікке ілінді. Бұл жайлы Павел Дуровтың MediaMedia каналы хабарлады. Хабарламада: 

«RT-дағы әріптестеріміз ақпаратты бұрмалап берді. Жаңалықта Бельгияның денсаулық сақтау министрлігі балаларын күшпен вегандық өмір сүру салтына итермелейтін ата-аналарды соттауды ұсынды деп айтылған. 

Алайда, бұл жерде қате бар. The Telegraph ұсынған ақпаратта аты аталған The Royal Academy of Medicine of Belgium Бельгияның денсаулық сақтау министрлігі емес, тек министрлік жанындағы кеңесшілер тобы» деп жазылған. 

Ары қарай мақала авторы сайттан үзінді келтіріп, Бельгияның медицина академиясы мемлекеттік мекемелермен қоса, басқа да ұйымдарға консультация берумен айналысатынын айтты.

RT-ның “Бельгияның денсаулық сақтау министрлігі” жайлы жаңалығы The Telegraph сайтынан көшіріліп жазылған. Алғашқы дерек көзде медициналық академия денсаулық сақтау министрлігі деп, ал өкілдерін “дәрігерлер” деп атап, түсініспеушілік пайда болды. Академияның сайтында ұйым 1936 жылы денсаулық сақтау министрлігінің консультативті органы екені жазылған.   

 

Factcheck.kz