Ресейдің барлау қызметінен қандай құпия дерек тарап кетті?

Әріптестеріміз, Bellingcat командасы, ГРУ-дан құпия деректің жайылып кету жағдайын анықтағанын айтады. Бұл мұндай жағдайлардың ішіндегі ең ірісі болуы мүмкін. Bellingcat пен The Insider зерттеуінің қорытындысын жариялап отырмыз.

2018 жылы қазанның 4-інде Нидерландтың әскери барлау және қауіпсіздік қызметі мен Ұлыбританияның әділет министрлігі Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) кибероперация бөлімінде істейтін төрт ресейліктің атын жариялады. Бұған дейін зерттеушілер мұндай дерекке қол жеткізе алмай келген.

Мамандар “осы төрт азамат 2018 жылы Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының компьютерлік желісіне xакерлік шабуыл жасау үшін Нидерландтың Гаага қаласындағы штабына барғанын” айтады. Олар елші паспортымен саяxаттаған, екі құжат жалғас нөмірлі болған.

Осы ақпарат жарияланған соң Bellingcat пен The Insider Нидерландтан шығарылған ресейліктер мен билік деректерін жариялаған азаматтар бір ме, бір емес пе – тексеріп көрген.

2002-2014 жылдар аралығындағы түрлі деректер базасын қарау арқылы Bellingcat командасы әлгі азаматтар жайлы ақпарат рас екенін, Скрипальді улады деп күдікке ілінген екі ресейлік сияқты жалған құжат жасамағанын анықтаған.

1-сурет. Алексей Моренец. ГРУ-ға жұмыс істеген деп айыпталған төрт ресейліктің бірі. Жанындағы суретте Голландия билігі жариялаған Моренецтің дипломатиялық паспорты.

2-сурет. 2010 жылғы деректер базасында анықталған Моренец жайлы ақпарат.

3-сурет. Және бір айыпталушы – Алексей Минин жайлы дерек. 2011 жылы Мининнің мекен-жайы “Халық жасағы көшесі, 50” деп көрсетілген. Бұл жерде ГРУ “Консерваториясы” орналасқан.

4-сурет. Төртінші күдікті – Олега Сотников жайлы деректер.

“Консерваториядағы” тіркеу

Деректер базасының бірінде төрт күдіктінің бірі “Халық жасағы көшесі, 50-үй” мекен-жайында тіркеуде тұрғаны көрсетілген. Мәскеуде бұл адресте Ресей қорғаныс министрілігінің әскери мектебі орналасқан. Бұл ғимарат жергілікті тұрғындар арасында “консерватория” деген атпен белгілі.

Төрт күдікті құжаттарының рас-өтірігін тексеру кезінде бірінің атында ресейлік базада тіркеуде көлік тұрғаны анықталған. 2011 жылы күдікті Алексей Моренецтің меншігінде “Лада” маркасының “ВАЗ 21093” модельді машинасы болған.

5-сурет. Алексей Моренецтің тіркеудегі көлігі жайлы ақпарат. Көрсетілген мекен-жай – “Комсомол даңғылы, 20”. Онда ГРУ-дың 26165 әскери бөлімшесі орналасқан.

305 қызметкерге 305 көлік

Bellingcat командасы тап осы мекен-жайда жалпы саны 305 көліктің тіркелгенін анықтаған. Көлік иелері 27-53 жас аралығында.

6-сурет. Моренцтің көлігі тіркелген мекен-жайда тіркеуде тұрған 305 автокөліктің тізімі

Бұл деректер базасында көлік иелерінің толық аты-жөндері, куәлік номерлері, кейбірінің тіпті телефон номері сақталған. Мекен-жай деген бағанда көше мен үй номерінен бөлек, бізге белгілі “26165 әскери бөлімшесі” көрсетілген. Бұл – АҚШ Әділет министрлігінің биыл қазанның 4-інде жарияланған айыптау тұжырымында аты аталған әскери бөлімше.

Автокөлік тіркеу базасында аты жария болған 305 адам шынында да ГРУ-дың қызметкері болса, я олардың 26165 әскери бөлімшесіне қандай да бір қатысы болса, бұл соңғы жылдардағы ГРУ-дан қапыда құпия дерек әшкере болған ең ірі оқиға болуы мүмкін.

Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Павел Банников
Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане». Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy