Ресейде шенеуніктер жолды Photoshop-тың көмегімен «жөндеді»

Ресейдің Пермь өлкесінде шенеуніктер халық алдында есебінде Photoshop бағдарламасын қолданған. «Управляем вместе» арнайы электронды порталында жарияланған қала тұрғындарының өтініші бойынша қоқысты тазалау және жолды жөндеу жайлы әрбір оныншы хабарлама жалған болып шықты. Есептегі қателік жайлы «Российская газета» басылымы Пермь өлкесінің губернаторы Максим Решетниковқа сілтеп жазды. 

Губернатор муниципальдық құрылым басшылары кеңесінің отырысында шенеуніктерді сынға алды.

Аймақтық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағандай халықтың сұранысына жауап берген кезде немесе басшыларға есеп берген кезде атқарушылар  Photoshop бағдарламасын өңделген фотоларды қолданған. Жолдағы кемшіліктер пен қоқысты бағдарламаның көмегімен түзеткен.

 

Factcheck.kz