Ресейде фейк таратып, билікке тіл тигізгендерге айыппұл салынады

Ресей фейк жаңалық таратып, билік пен мемлекеттік рәміздерге тіл тигізген БАҚ мен интернет-ресурстарды жазалайды. Президент Владимир Путин бір апта бұрын қол қойған заң 29 наурыздан бастап күшіне енді.

Азаматтарға үлкен көлемде айыппұл салып немесе қамауға алынып, ал интернет-ресурстарды блоктауы мүмкін. Өзгерістер «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» федералды заңға енгізілді.

Заң мынадай бөлікпен толықтырылды: «адами құндылықтар мен халықтық ар-намысқа тіл тигізетін, қоғамға, мемлекетке, Ресей Федерациясының ресми мемлекеттік символдарына, Ресей Федерациясының Конституциясы мен Ресей Федерациясындағы мемлекеттік билікті атқарып отырған мекемелерге  құрметсіздік үлгісінде берілетін ақпараттарды шектеу» (орыс тілінен аударылды). Ары қарай қандай жағдайларда интернет-ресурс уақытша қолжетімсіз болатыны түсіндірілген.

Одан бөлек, 15 бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілген, мәселен онда енді «азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін сенімді ақпарат ретінде берілген халыққа маңызы бар сенімсіз ақпараттар» (орыс тілінен аударылды) делінген.

РФ-ның әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексі де толықтырылды: интернетте адамдардың ар-намысына тиетін ақпарат таратқаны үшін азаматтарға 30-дан 100 мың рубльге дейін айыппұл салынады. Қайталанған құқықбұзушылық үшін сомма 200 мың рубльге дейін өсіп, тіпті 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Үшінші рет бұзса айыппұлдың ең жоғарғы мөлшері 300 мың болады, қамауға алу да қарастырылған.

Кодекстегі басқа өзгерістер БАҚ мен ақпараттық-коммуникациялық желілерде халыққа маңызы бар нақты емес ақпаратты сенімді мәлімет ретінде таратуға қатысты. Нәтижесіне қарай азаматтарға 400 мың рубльге дейін айыппұл салынады.

14 наурыз күні, Владимир Путин заңға қол қоймас бұрын РФ президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі Кеңес басшысы Михаил Федотов АҚЖК-тің президентке мемлекеттік рәміздерге тіл тигізу мен фейк жаңалықтар туралы заңды қайта қарауға жіберуді өтінген – бұл туралы «Интерфакс» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz