Құпия агент әйелден табылған вирусты флеш-карта үшін абдырап қалды

АҚШ құпия қызметінің агенті Дональд Трамптың жекеменшік курортына кіріп кеткен қытайлық әйелден алынған зиянды БЖ-сы бар флешканы жұмыс компьютеріне қосты. Құрылғы бірден өшіріп тасталғанымен,  карта белгісіз файлдарды компьютерге орната бастады деп оқиғаны бақылап отырған америкалық басылымдарға сілтей отырып, Tjournal хабарлады.

АҚШ құпия қызметінің басқа қызметкері Самуэль Ивановичтің мәлімдемесін Miami Herald жариялады.

Иванович Трамп демалып жатқан Флоридадағы Мар-а-Лаго курортында 2019 жылы наурызда ұсталған қытайлық әйел Юйцзин Чжанның сот ісінде куәлік етті.  Ұсталған кезде Чжаннан төрт телефон, ноутбук, 8 мың доллар, қатқыл диск, жасырын камераны анықтайтын құрылғы және флешка табылды.

Ивановичтің айтуы бойынша флешкалардың “мұндай мінезін” бұрын көрмеген еді. Оның әріптесі компьютерге зақым келмеу үшін флешкартаны дереу алып тастады.

АҚШ құпия қызметінің өкілі TechCrunch-ға берген сұхбатында флешка зарарсыздандырылғанын ғана айтты. Алайда, басылым құпия агент неліктен абдырап қалғанын және құрылғыны “дереу” өшіріп тастағанын түсінбеді.

Rendition Infosec компаниясының негізін қалаушы және ҰҚА-ның бұрынғы хакері Джейк Уильямс құпия қызметі сарапшысының ісін сынға алды. Оның айтуынша агент барлық жүйені, тіпті ведомстваның басын қауіп-қатерге тікті.

TechCrunch флеш дискілер компьютерге вирус жұқтырудың және оны бұзудың ең тиімді әрі қарапайым жолы екенін еске салды.

Уильям күдікті флешкартаны тексерудің ең тиімді жолы оны сыртқы дискілерді автоматты түрде орнату мүмкіндігі жоқ, Linux-ке негізделген жеке компьютерге қосып көру деді. Содан кейін сарапшылар дисктің үлгісін жасап, лабороторияда тексере алады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz