Путин және апокалипсис

Өткен жылдың соңында Ресей Президенті Владимир Путин ядролық қуаты күшті «жеңілмейтін» жаңа гипердыбысты зымыраны «Авангардты» сынақтан өткізудің аяқталғанын және оны еліне жаңа жылдық сыйлық ретінде тарту ететінін мәлімдеді. Путин жиі сөз болып жүрген ақырзаманның жақындағанын растауда десек, онда әлем ядролық соғысқа дайын болуы қажет пе?

Ядролық апокалипсис

Өткен жылы Путин соңғы он жылда батыс көшбасшыларының аузынан сирек шыққан «ядролық апокалипсис» туралы жиі сөз қылды. Бұған қарап, кейбіреулер ол НАТО мен АҚШ-қа сес көрсетіп жүр деген болжам жасады. Алайда Путин ахуалдың апатты жағдайға дейін ушығуына батысты кінәлап, кек алу мақсатында ядролық қаруды қолдануы ықтимал екенін айтты.

Мәселен, өткен наурыздағы Федералдық мәжілісте сөйлеген сөзінде Путин «соңғы 15 жылда қарулануда алдына жан салмай, Ресейге қарсы біржақты басымдық танытып», Ресейдің дамуы мен қарулы күштерін «тізгіндеу үшін» заңсыз санкция енгізгендерді атап өтті.

Олар бәрімізге мекен болған жер деп аталатын кемені шайқауды тоқтатуы қажет

деп кесіп айтты.

Сосын жаңа ядролық қару туралы алты бейнеролик көрсетіліп, Ресей мен оның одақтастарына қарсы ядролық қару қолданудың соңы кек алу шараларына жалғасатынын айтып, айбат шегіп отырғанын жасырмады.

Бірнеше күннен кейін ол ядролық қару «бүкіл әлем үшін үлкен апат» деген позициясын айқындай отырып, егер Ресейге қауіп төнген жағдайда өзінің Ресей азаматы және Ресей үкіметінің басшысы ретінде «Ресейсіз әлемнің бізге қажеті бар ма?» деген сұрақ қоюға мәжбүр екенін айтты.

«Ресей құрбан болғалы отыр»

Өткен қазан айындағы Валдай пікірталас клубындағы Путиннің сөзі тіпті құйтырқы болды. «Ресей құрбан болғалы отыр», сондықтан «күш көрсетуші ел кек алмауымыз мүмкін емес екенін білсін». Ядролық соғыс бүкіл әлемді апатқа ұшыратса, Ресей «о дүниеге жапа шегуші тарап ретінде» барып, дұшпандарының кешірімнен құр қалып, «аһ ұратынын» айтты.

Путиннің ақырзаман риторикасы оның жақтастарынан да көрініс тапқан. Мәселен, Путинді мессияға теңеген әсіреұлтшыл жазушы Александр Проханов

әлем басшыларының санасын ядролық соғыс ықтималдығы туралы ойлар жаулап алғаны сондай, Валдай пікірталас клубына қатысқандардың көбі үйлеріне қайтқан соң Жаңа өсиеттің соңғы кітабы ­– Ақиқат кітабын қайта оқып шыққан болар

деді.

Ақиқат кітабында не айтылған?

Ақиқат кітабы Ресейге бұрынырақта келіп, соңғы он жыл ішінде ықпалды адамдары ондағы ақырзаман туралы сөздерді жиі келтіре бастаған. Шынтуайтында Орыс проваслав шіркеуінің басшысы Патриарх Кирилл Ақиқат кітабы стилінде болжам айтып қалады. 2007 жылдың өзінде-ақ ол: «апостол әрі евангелист Иоанн Богослов өзінің Ақиқат кітабында айтқан тарихтағы қорқынышты сәттің жақындап қалғанын байқамау үшін көрсоқыр болу керек» деген. Таяуда ғана ол ақырзаман жақындап қалғанына сенетінін қайталап айтты.

Апокалипситі шақыратын Құдайдың өзі болғандықтан, адамдардың көпшілігі «тарихтағы қорқынышты сәтті» қарсы алуға дайын болу керек деп санайды. Мысалы, Орыс Проваслав Шіркеуінің бұрынғы басшысы, протоиерей Всеволод Чаплиннің айтуынша, «қоғамды түзу жолға салу» үшін «жаппай қыруға» «Құдай санкция беріп жатыр».

«Владимирдің апокалипсисі»

Шенеуніктер, журналистер мен зиялы қауым да апокалипсисті сөз етеді. Мәселен, Конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин ақырзаман келді, «заңсыздық құпиясы жұмыс істеп жатыр» десе, ал «Кремль дауысы» Дмитрий Киселев Ресейдің АҚШ-ты радиоактивті күлге айналдырып жібере алатынын айтып қалды.

Батыстың назарына ілігу Путин үшін қуанарлық жайт та болуы мүмкін, Ресейдегі апокалипсистік риторика Путиннің мессия ретінде танылуымен тығыз байланысты және осы бейнені қуана қалыптастыруға тырысып жүрген жалғыз танымал тұлға – Проханов.

2007 жылы жарық көрген «Владимирдің апокалипсисі» романында тележурналист Владимир Соловьев Путинді «патша әрі пайғамбар» дей келе, оның миссиясы Ресейді соңғы сот шешіміне дайындау деп көрсетеді. Владимир апостол, кітаптың бірінші жақта баяндаушысы мыңдаған «күнәһарды», Красноярск қаласын тұтастай тірідей отқа орап, жоқ қылады. Тәубасына келіп үлгермеген «күнәһарлардың» тек «аһ ұруға» ғана шамалары келгенін суреттейді. Көптен күткен ақырзаманның соңғы күніне дайындалып жүрген Соловьевтің пайымдауынша, Ресейге мұрагерлік жолмен Путин патша билейтін «антидемократиялық монархия» құру қажет.

Бұл пайым православ діндарларының көпшілігінің көзқарасымен сәйкес келеді. Путинді реинкарнацияланған христиан дінінің миссионері бұрынғы Павел апостол деп санайтын секта мүшелері де бар. Өзін Фотина ана деп атайтын сектаның негізін қалаушы «Путинде патшаға тән рух» болғандықтан «оны Құдайдың өзі Иисус Христостың келуіне дайындық жүргізу үшін тағайындаған» деп сенеді.

Еуразиялық қозғалыстың көшбасшысы, Кремльдің бас идеологы Александр Дугин Путинді православ көшбасшысы «катехон» деп атайды. Оның ойынша, Путин жаһандану, постлиберализм, постиндустриалды қоғам секілді «ібіліс патшалығына» қарсы тұру үшін жіберілген.

Сондай-ақ Дугин апокалипсисті тоқтатуға ниетті емес, қайта Еуразиялық одақтың оны іске асыруына мүдделі.

Ресей радиобағдарламасындағы пікірталасқа қатысушы сөзімен айтсақ: «Әлем дәл қазір ортағасырлардағы секілді апокалипсисті асыға күтуде, себебі онсыз ол сенім шегінен тыс алғанда тым жадау көрінеді».

Соңғы айларда Ресейде Путинді қолдау деңгейі күрт түсіп кетті: өткен жылдың екінші жартысында оны қолдайтындар 76%-дан 66%-ға төмендеді. Сонымен Ресейде самодержавиелік монархия мен жоғарғы православ шіркеуін қайта құруға бағдар ұстаған айрықша жаңа ортағасырлық ой қалыптасып жатыр. Путиннің от пен күкірт араласқан риторикасы ядролық қаруды әлемдік мәселелерді шешу құралы деп білетін осы фундаменталистердің ойын бейнелесе керек.

Путин және апокалипсисДина Хапаева – Джорджия технология институтының жанындағы Заманауи тілдер мектебінің орыс тілі профессоры. Оның соңғы кітабы “Осы заманғы мәдениеттегі өлімнің салтанаты” (The Celebration of Death in Contemporary Culture) деп аталады.

Copyright: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz