Президенттікке үміткер: Төлеутай Рақымбеков

Сайлау қарсаңында біз Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлерге профайлинг жасауды жөн көрдік, себебі көптеген азаматтар үміткерлер туралы аз ақпарат біледі немесе мүлдем білмейді. FactCheck.kz бұған дейін «Ақ жол» және ҚКХП партияларының кандидаттары туралы мәлімет ұсынды. Енді бүгін «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидатпен таныстыратын боламыз.

Қысқаша

54 жастағы Төлеутай Рақымбеков – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның үміткері. Қарағанды облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі өтілі – 10 жылға жуық. Атқарушы биліктің жергілікті және орталық органдарында жұмыс істеген. 2019 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын басқарады. Жұбайы –  Салтанат Рахымбекова, екі қызы және екі немересі бар.

Мемлекеттік қызметтегі жұмысы

Жергілікті атқарушы органдар: Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары (07.1999-05.2001), Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (12.2009-10.2011)

Орталық атқарушы органдар:

  • Ауыл шаруашылығы министрлігі: Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу басқармасы (04.2002 – 10.2002); АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды талдау және мемлекеттік реттеу департаменті (10.2002 – 04.2004); Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және ДСҰ департаменті (04.2004 – 09.2004); Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг, кеден-тарифтік саясат және ДСҰ департаменті (09.2004 – 10.2005); Ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын реттеу департаменті және ДСҰ (10.2005 – 10.2006); «ҚазАгроИнновация» АҚ (07.2007 – 02.2009); «Ұұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ (04.2019 – қазіргі уақытқа дейін)
  • Көлік және коммуникация министрлігі: Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті (10.2006-06.2007)
  • Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі: «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (11.2009-12.2009 және 10.2011-07.2013)
  • 2009 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі, 2017 жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі міндетін атқарды
  • 2017 жылдың сәуір-шілде айларында Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып қызмет атқарды.

Т.Рақымбеков Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде жұмыс істеген кез ТКШ-ны жаңғырту бойынша атышулы бағдарламаның басталу уақытына сәйкес келді. Бағдарламаның екінші жылында-ақ шенеуніктер жөнделген үйлердің тұрғындары атқарылған жұмыс нәтижелеріне қанағаттанбайтындығын мойындады. БАҚ бұл бағдарламаны, тіпті, еш аямастан сынады.

Рақымбековтің айтуынша, негізгі кінә тұрғындар арасында жеткілікті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген жекелеген әкімдіктердегі қызметкерлер мойнында. Дәл сол уақытта Рақымбековтің жұбайы Басқарушылар мен сервистік компаниялар қауымдастығын басқарды. Қауымдастық беделі түсіп кеткен бағдарламалар мен орындаушылардың имиджін жақсарту үшін өзінің түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда, жұмсалған барлық күш-жігерге қарамастан, Рақымбеков бұл бағдарламаны «сәтсіз» деп мойындады.

Аграрлық салада Рақымбековте мұндай ірі «жеңілістер» болған жоқ. Ол қазір қолданыстағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Өткен жылы сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев құжат туралы жақсы пікір білдірді, алайда құжатты әзірлегендер сұранысты емес, ұсынысты ескергендері қате екенін атап өтті. Нәтижесінде, 2018 жылдың ортасында бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Ал Рақымбеков БАҚ арқылы өзгерістер туралы көп сын айтты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінде болған төрт ай ішінде Рақымбеков ет бағасының өсу себебін түсіндірумен ғана есте қалды. Бір журналистер Facebook-тегі тиісті постты дәйексөз ретінде келтіріп жатқанда, басқалары вице-министрдің қателерін тауып беріп жатты.

Өзге қызметтері

Рақымбеков бизнесте тәжірибесі бар, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Агробіліктілік орталығын және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс ұлттық палатасын басқарды. Ол Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде сабақ берді, ал Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде әлі күнге дейін сабақ береді (экономика ғылымдарының докторы). Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының үміткеріне қоғамдық жұмыс та жат емес: өткен жылдан бастап Рақымбеков Anticorruption SMG АМТ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтық бастамаға жәрдемдесу қорының жұмысына қатысады.

Партиялық мансабы

Рақымбеков «Отан» (қазір «Нұр Отан») партиясына 1999 жылы партия құрылған сәттен бастап кірді. Ол жарты жыл бойы Жезқазған қалалық партия филиалы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, содан кейін екі жылға жуық «Отанның» Сәтбаев қалалық филиалын басқарды. Рақымбеков 16,5 жыл бойы басқарушы партияның мүшесі болды.

2016 жылғы парламенттік сайлау қарсаңында Рақымбеков Патриоттар партиясымен біріккен «Ауыл» социал-демократиялық партиясына сенім артуды шешті. 2015 жылдың соңында ол партия мүшесі болып қана қоймай, бүкіл сайлау алды науқан барысында орталық аппаратты басқарды. Сонымен қатар, Мәжілістегі орындарға үміткерлерің партиялық тізімінде Рақымбековтың есімі болған жоқ. 2016 жылы «Ауыл» партиясы өз тарихында үшінші рет Парламентке өте алмады.

«Ауыл» партиясы президент сайлауына алғаш рет қатысып отыр. 2015 жылы партия Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдады.

Үміткердің цитаталары

«Маған сайлауға қатысуға ұсынысты партияластарым жасады, ал мен келістім. Не үшін? Себебі мен болмасам, онда кім? Елімізде проблемалар бар, мен оларды қалай шешуге болатынын білемін»

«Біз ауырғанда дәрігерге қараламыз, бізге қауіп төнгенде полиция қызметкерлерін шақырамыз, ал фермерлерге күніне кемінде үш рет барамыз. Осындай жерлер мен алып нарығы бар көршілер тұрғанда, біз міндетті түрде аграрлық ел болуымыз қажет. Бұл біздің бойымызда генетикалық деңгейде бар — біз барлығын өндіре аламыз»

«Ешкім ГМО жегісі келмейді. Барлығына табиғи тағам керек. Бізге осы бағытта жұмыс істеуге кім кедергі? Мен кедергілерді жоюға дайынмын!»

«Қазақстанның ауыл шаруашылығында нарықтық сауда жоқ, ол жерде базар. Онда нарық туралы айтпағанның өзінде, тіпті, социализм емес, әлі күнге дейін феодолизм.»

«Біз азық-түлік бағасын төмендету үшін емес, әлеуметтік жағынан осал азаматтарды қорғай отырып, тұтынушылардың жоғары табыстары үшін күресуіміз керек»

«Менің ең сүйікті сөзім – абырой. Адамның әрқашан, кез келген жаста қадір-қасиеті болуы керек. Жұмыс пен жалақы да лайықты болуы қажет. Менің өмірімде қадір-қасиетіме тиіскен кездер болды. Бірден жағадан алатынмын деп айтпаймын, ондай жағдайда әркез бұрылып кететінмін. Абыроймен кете алу керек»

Төлеутай Рақымбековтың басқа цитаталарын «Резонанс» порталындағы авторлық айдардан табуға болады.

Сайлауалды бағдарламасы

Рақымбеков ұсынған бағдарламаның негізгі идеясы – «Қазақстан азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті агродержаваға айналып, әлемдік нарықта экологиялық таза өнім көшбасшысының бірі болуы тиіс». Құжат 923 сөзден (7 035 белгі) және 4 блоктан тұрады:

  1. «Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту – халықтың әл-ауқатын арттырудың кілті»
    • «алаң – қойма – сөрелер» тізбегі бойынша тауар қозғалысы кезінде саяси шығындарды азайту;
    • ауыл шаруашылық тұтыну кооперативтері мен жылыжай шаруашылықтарының желісін дамыту;
    • агролизинг мүмкіндіктерін кеңейту;
    • бастаушы фермерлер үшін гранттар санын арттыру және ауыл шаруашылығы ЖОО-ларын қаржыландыру;
    • АӨК-те инновацияларды тарату үшін ақпараттық-кеңестік қызметтерді ұйымдастыру.
  1. «Қалалар мен ауылдардың әлеуметтік теңдігі – қоғамның өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі»
    • шекаралық ауылдарды сақтап қалу;
    • ауыл тұрғындарын өз ісін ұйымдастыру үшін тәжірибелік дағдыларға үйрету;
    • ауыл тұрғындарын ұзақ уақыт септігін тигізетін және арзан ақшаға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
    • әлеуметтік көмек түрлерін оңтайландыру және ауыл тұрғындарына медициналық қызмет пен әлеуметтік қолдау көрсету деңгейін жақсарту.
  1. «Дәстүрлі және рухани құндылықтарды сақтау – еліміздің сенімді дамуының негізі»
    • өскелең ұрпақты дәстүрлі құндылықтар рухында тәрбиелеу.
  1. «Ауылдағы жастар саясатының тиімді үлгісі – ауылдың өркендеуінің құралы»
    • жастарға «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы нақты әлеуметтік кепілдіктер беру»;
    • ауыл жастары үшін арнайы жұмыс орындарының банкін құру;
    • әлеуметтік тұрғын үй құрылысының ауқымын ұлғайту;
    • ақылы жоғары кәсіптік білім алу үшін пайызсыз кредит беру тетігін енгізу.

Рақымбеков өз бағдарламасында саяси даму, адам құқығы мен бостандығы, қазақ тілі, өңірлік даму, экология және сыртқы саясат сияқты тақырыптарды назардан тыс қалдырды. Сонымен қатар «Ауыл» партиясының үміткерінің бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бірде-бір сөз айтылмаған жалғыз кандидат. Рақымбеков бағдарламасында жиі қолданылатын сөздер – «даму» және «әлеуметтік».

Кандидаттың сайлау алды қоры

Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 17 мамырдағы мәліметіне қарағанда, кандидаттың жеке қаражаты мен оған «Ауыл» партиясы бөлген қаражат 108 млн теңгені, аталған күнге кететін шығын 77,5 млн теңгені құрады. Ерікті қайырмалдықтар тіркелмеген.

Профайл

РАҚЫМБЕКОВ ТӨЛЕУТАЙ САТАЙҰЛЫ, 54 жаста

Туған күні: 19.07.1964

Сайлау учаскесі: Нұр-Сұлтан қаласы
Сайлау учаскесінің нөмірі: 52
Сайлау учаскесінің мекен-жайы: Тәуелсіздік, 54
Сайлау учаскесінің ғимараты: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

Құқықбұзушылық
— Айыппұл: Жоқ
Салық:
— Берешек: Жоқ
Борышкерлер тізімі – архивтегі мәліметтер:
— Берешек: Жоқ
Жеке кәсіпкер:
— ЖК: Жоқ

Бірінші басшы:
— Дәрежесі: Иә («Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 15.04.2019 бастап)

Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы:
— «AstanaAgroLizing” лизингтік компаниясы» ЖШС (жетекшісі Абаканов Елдос Нұрболұлы)
—«КАРАТ» ғылыми-білім беру компаниясы» ЖШС (жетекшісі Рахимбекова Салтанат Темірқұлқызы)
Мемлекеттік сатып алу:
— Мемлекеттік сатып алуға қатысуы: Жоқ
— Жосықсыз сатып алуға қатысушы: Жоқ
Самрұқ-Қазына:
— Дұрыс өнім беруші: Мәлімет жоқ
— Сенімсіз өнім беруші: Мәлімет жоқ
— Холдинг тауарөндірушісі: Мәлімет жоқ

Іздестіру:
— Экономикалық қылмысқа қатысы: Жоқ
— Терроризмді қаржыландыруға қатысы: Жоқ
— Алимент бойынша: Жоқ
— Қылмыс бойынша: Жоқ
— Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлға: Жоқ
— Атқарушы құжаттар бойынша: Жоқ
Сот актлері:
— Әкімшілік істер: Жоқ
— Қылмыстық істер: Жоқ
— Азаматтық істер: Жоқ

Әлеуметтік желілер:
— Төлеутай Рақымбековтың жеке парақшасы (аудиторияның қатысу пайызы бойынша үміткерлер арасында көшбасшы)
— Кандидаттың сайлауалды парақшалары: Facebook, Instagram, YouTube, ВКонтакте
— Салтанат Рахымбекованың жеке парақшасы (жұбайы)
— Әлия Рахымбекованың жеке парақшасы (үлкен қызы)

Туыстары:

— Жұбайы – Рахимбекова Салтанат Темірқұлқызы (1965 ж.т.), «EXPO&Women» халықаралық ұйым президиумының төрайымы.

Бірінші басшы ретінде тіркелген: «Жасыл «экономика және G-GLOBAL дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Жасыл Көпір» Серіктестік бағдарламасы» халықаралық ұйымы» ЗТБ, «КАРАТ» ғылыми-білім беру компаниясы» ЖШС.

Жеке тұлға ретінде «Фирма «АРАТ» ЖШС (Жезқазған; Кенжебекова Раушан Темірқұлқызы басқарады) және Green Company Limited (Нұр-сұлтан; Айтенова Айшагүл Анламасқызы басқарады) жеке компаниясы қатысады.

— Үлкен қызы – Рахимбекова Әлия Төлеутайқызы (1987 ж. т.), «EXPO&Women» халықаралық ұйымының Басқарма төрағасының орынбасары. Екі кәмелетке толмаған ұлы бар.

Жеке тұлға ретінде қатысы бар: «Global Techonologies&Innovations Company» ЖШС (Нұр-сұлтан; жетекшісі Жеңісбек Гаухар) және «Аршалы жылыжайлары» ЖШС (Ақмола облысы, Арнасай ауылы; жетекшісі Сүлейменов Асхат Мұратұлы)

— Кіші қызы – Рахимбекова Ақбота Төлеутайқызы (1996 ж. т.)

Тест: Үміткерді қаншалықты жақсы білетініңізді тексеріп көріңіз

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz