Орал полициясы прокуратурадан бос плакат оқиғасын түсіндіруді сұрады

Алаңға бос плакатпен шыққан белсендіні тұтқындаған полиция прокуратурадан болған оқиғаны түсіндіруді сұрады. «Уральская неделя» басылымының хабарлауынша полиция белсенді “өзінің ойын” білдіргені үшін кінәлі деп есептейді. Алайда, прокуратураның көмегінсіз оны жауапқа тарта алмайды.

Өткен жұмада полиция 22 жастағы белсенді Аслан Сағұтдиновты тұтқындап, жарты сағаттан соң қайта босатты. Келесі күні полиция белсендінің іс-әрекетін бейбіт жиналыстардың өткізілу тәртібі заңын бұзды деп мәлімдеді.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатында «мамырдың 6-сы сағат 11:00 «102» оқызметіне Абай алаңында белгісіз ер адам плакат ұстап тұрғаны және қасына адамдар жиналып жатқаны жайлы қоңырау келіп түсті. Патрульдік полиция белсендіні Орал қаласының Абай ауданының полиция басқармасының бөліміне жеткізді. Плакатпен шығу себебін және жеке басын анықтаған соң 22 жастағы тұрғын ІІҰ-нан шығып кетті. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде әрекет етті. Ол “Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы” заңды бұзды деген айыппен әкімшілік құқық бұзушылық коддексінің 488 бабы бойынша айыпталуда. Қазіргі уақытта материал прокуратураға жіберілді» деп жазылған.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белдібеков Аслан Сағұтдинов бос плакат үшін емес, өз ойын білдіргені үшін тұтқындалғанын түсіндірді. 

Болат Белдібеков «бұл қылмыстың обьективті жағы бос плакатпен шыққандығы емес, қоғамдық орында «Қазақстан демократия мен сөз бостандығы жоқ» деген саяси мәлімдеме жасауында» деді. 

Орал қаласының тұрғыны Аслан Сағұтдинов әкімдіктің алдындағы алаңға бос плакатпен шықты. Бірақ, оқиға орнында болған журналистердің айтуынша белсенді небәрі бес минут тұра алды.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері және қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Күшеков келді. Күшеков Асланды ешкім тұтқындамайтынын айтты. Алайда, бірнеше минуттан соң полиция қызметкерлері белсендіні плакатымен қоса полиция көлігіне күшпен отырғызды. Асланды Абай ауданының полиция бөліміне жеткізіп, тергеуден соң қайта босатты.

Factcheck.kz