Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт: фактілер мен фейктер

15 сәуірде шамамен кешкі 6.50-де Париждегі Нотр-Дам шіркеуінде өрт шығып, ғимараттың үштен екісі жанып кетті. 400-ге тарта өрт сөндіруші француздар үшін маңызы зор тарихи жәдігерді сақтап қалуға тырысты. Өрт бірнеше сағат ішінде сөндірілгенімен, от шіркеу мұнарасын, төбесі мен ішкі бір бөлігін жалмаған. Дегенмен кейбір маңызды мұралар аман қалды. Мәселен, тікенді гүлдесте, Исаны ағашқа қақты делінетін шеге, крестің бір бөлігі, қасиетті Людовиктің сырт көйлегі. Витраждар мен органдар да бүлінбеген деген xабар бар.

Түрлі ресурстер шіркеу жайлы алуан ақпаратты еске алып, жарыса жазып жатыр. Мәселен, тариxи жәдігерге Гюго мен оның “Париждегі Құдай ана шіркеуі” романының әсері туралы сөз етті, тіпті бір кездері шіркеу ішін аралар мекендеген деген деректер жазғандар бар.

Жағдай жайсыз болса да, нёф, аркбутан, контрфорс, нервюр туралы жазып, әлдекімдер готикалық сәулет өнерінен xабары барын көрсетуге тырыштанып жатыр. Ағаш тірек пен пинакли туралы жазғандар да бар. Бұл туралы толық түсіндіріп жазған ресейлік Сергей Пархоменко мен қазақстандық сегмент қолданушысы Жанна Спунерге алғыс білдіреміз.

Біз де шіркеу туралы айтып, болған жағдайға және одан кейін тараған деректерге фактчекер көзімен қарап көруге бекіндік. Деректерді тексеруге FactcheckEU Initiative жобасындағы әріптестеріміз көмектесті.

Мазмұны

Фактілер

Шіркеуді үш Жан мен екі Пьер салды

Римдіктер кезінде Сите аралында қазір Нотр-Дам тұрған жерде бұрын Юпитер шіркеуі, кейін қасиетті Стефан мен қасиетті Мария шіркеулері болған. Құдай ана шіркеуінің іргесін есік алдындағы шіркеу мен Париждің бас храмы болар деп ойластырып, 1136 жылы VII Людовик король пен III Александр папа қалаған. Алайда сәулетшілердің есімі аса танымал емес.

Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт: фактілер мен фейктер
Шіркеу жобасы

“Сәулет тарихы” кітабындағы (М.: ИНФРА-М, 2005, автор Бирюкова Н.В.) дерекке қарағанда, Нотр-Дамның сәулетшілері шеллдік Жан, монтрейлдік Пьер, шеллдік Пьер және Жан Реви болған. К.М. Муратованың “XII–XIII ғасырдағы француз готикасының шеберлері” кітабында (Мәскеу, “Өнер”, 1988 жыл) Шелльден шыққан Жан ғимараттың шеткі дуалдарын тұрғызу жұмыстарын басқарған, ал Монтрейльден шыққан Пьер бұл кезде оңтүстік трансептінің құрылысын аяқтап жатқан. Тап осы кітапта және бір архитектордың  — Жан де Бутельенің аты аталады.

1868 жылы Аристид Каввайе-Колль конструкциялаған ғимараттың үлкен бөлігі өрттен аман қалды

Бұл туралы France Musique ресурсына 2012-2014 жылдары Нотр-Дам бөліктерін қалыпқа келтірумен айналысқан Мәдениет және коммуникация министрлігінің техникалық кеңесшісі Эрик Броттье хабарлаған. Ғимараттың кей бөліктеріне су тимеген, бірақ от пен жоғары температураның құбырларға, ағаш бөліктер мен теріге қалай әсер еткені белгісіз. 1969 жылы шіркеуге қойылған хор айтатын орын, спикердің сөзінше, судан тым қатты зақымданған. 

Франциялық Kering ірі сән үйін бақылаушы Пино әулеті шіркеуді қайта қалыпқа келтіруге 100 млн еуро бөледі

Бірақ! Пиномен қатар 450 млн доллар көлеміндегі қаржыны басқа да француз кәсіпкерлері мен компаниялары бөлгелі жатыр. Олардың арасында, CNN Business хабарлауынша, LVMH Group (Louis Vuitton Moët Hennessy) бар. Компанияның бас директоры әрі иесі Бернар Арно 200 млн еуро ($226 млн) бөлетінін айтты. Total 100 млн еуро ($113 млн) береді. Capgemini компаниясы — 1 млн еуро ($1.1 млн). Ақша аударғандар мұнымен шектелмейді. Толық тізімді мына сілтемеден көрсеңіз болады. Шіркеуді қалыпқа келтіруге кез келген адам ақша қоса алады.

Қазіргі ақпаратқа қарағанда, 1 млрд еуроға жуық қаржы жиналған.

Франциядағы жол қашықтығының ұзындағын санауда есеп басқа елдердегідей бас пошта тұрған жерден емес, Нотр-Дам шіркеуінен басталады.

Нақтырақ айтқанда – қашықты санау шіркеудің бас қақпасынан 50 метр жерден басталады.

Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт: фактілер мен фейктер

2013 жылы 21 мамырда оңшыл көзқарастағы қоғам қайраткері, эссеист Доминик Вернер шіркеу алдында өзін атып өлтірді

Марин Ле Пен бұл әрекетті саяси астары бар әрекет деп атады. Вернер – өзін Нотр-Дам алдында өлтірген жалғыз адам емес.

Нью-Йорктегі егіз мұнара арасында жүруден үш жыл бұрын Париждегі Нотр-Дамдағы мұналар арасында канат арқылы жүріп өтіп, артынша қамауға алынған (1971 жыл).

Мына сілтемеден оқыңыз. Мына жақтан және мына жерден көріңіз.

Фейктер

1. Нотр-Дам бұған дейін де өртенген

Үкім: Жалған

Жоқ, Нотр-Дам бұған дейін өртенбеген (Каролингтер кезінде 857 жылы шіркеудің қазіргі орнындағы тұрған храмның жанып кеткенін ескермегенде).

Мына туиттерде “Нотр-Дам Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бомбаланып, кейін қалпына келтірілген” деп жазылған.

Пожар в Нотр-Даме

Шын мәнінде суретте – Реймстегі кафедралды шіркеу. Бұл шіркеу бомбалау салдарынан, расымен, әжептеуір зақымданған. (FactcheckEU Initiative, 20 Minutes дерегі).

2. Төмендегі сурет фотошоппен жасалған

Үкім: Жалған

Эйфель мұнарасының фонында өртеніп жатқан шіркеу суреті – фотошоп не фотомонтаж емес. 

10 фейков о Нотр-Даме

Сурет өте алыс қашықтан телескоп фотообъективінің көмегімен түсірілген. Мына сілтемеге өтіп, автордың түсініктемесін оқып, сурет схемасымен таныса да аласыз. Фотограф Porte de Vincennes-та тұрған. (FactcheckEU Initiative, Checknews).

3. Өрт кезінде шіркеуде сары желет кигендер болған

Үкім: Жалған

Жоқ, Нотр-Дамдағы өрт кезінде шіркеуде сары жилет киген наразылардың ешбірі болмаған.

Туиттер қолданушысы Сотири Димпинудис жазған бұл туитті 1154 адам бөліскен.

10 фактов о Нотр-Даме

Шын мәнінде, сары жилет киген – шіркеуде шыққан өртті сөндіріп жүрген өрт сөндіруші. Мұны CNBC арнасы таратқан трансляциядан көре аласыз (42-минуттан басталады). (FactcheckEU Initiative, Checknews).

4. Шіркеудегі өрт терактіден не әлдекімнің қастығынан шыққан

Үкім: Жалған

Өрттің терактіден не әлдекімнің от қойғанынан шыққанын дәлелдейтін бірде-бір айғақ жоқ.

TIME колумнисі Кристофер Хейл өзінің Нотр-Дамда істейтін иезуит досының әріптестерінен шіркеуге әлдекім от қойғанын естігені туралы туит жазды. Infowars конспирологиялық сайты твитті көшіріп басты. Келесі туитінде колумнист “Айта кетейін, досымның бұған ешбір дәлелі жоқ. Сондықтан мұны дәлелденбеген сыбыс деп қабылдаңыздар” деп жазды.

10 фактов и фейков о Соборе Нотр-Дам

Артынша испаниялық Alerta Digital ешбір негізсіз өртті христиандарға қарсы террор деп атап, “Франция билігі жағдайдың шынайы себебін жасырып отыр” деген.

Алайда өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. 20 minutes ресурсының хабарлауынша, Париж прокуратурасы “абайсызда өртеп жіберу” бабымен іс қозғаған. Шіркеуді жөндеп жүрген жұмысшылардан түсінік алып жүрген тергеушілер әзірге “өрт абайсызда шыққан” деген қорытындыға келген. (FactcheckEU Initiative, Малдито Було).

5. Өрттің шіркеудегі тағылық әрекеттерімен байланысы бар

Үкім: Жалған

Бұған қатысты ешбір дәлел жоқ.

Checknews, 15min and Correctiv ресурстарының хабарлауынша, әлеуметтік желі қолданушылары мен сұхбат берген түрлі спикерлер бұл өртті бұған дейін басқа да француз шіркеулерінде болған тағылықпен (вандализм) байланыстырған. 17 наурызда Сен-Сюльпис шіркеуі расымен өртенген, отты кім қойғаны әлі күнге дейін белгісіз. Қаңтарда Гренобльдегі шіркеуде де от шықты. Гренобль прокуроры істі әлі тергеп жатыр. Билік мәліметінше, қазіргі бар деректермен өрттің “абайсызда шыққанын” айтуға болады. Бір қызығы, анархистер тобы кейіннен өртті мойнына алды.

Күн сайын француз шіркеулерінде біреулердің сайтан символдарын, неонацистік, анархистік не исламистік тематикадағы суреттер салып кетуі сияқты екі жағдай тіркеледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеп, Checknews хабарлаған.

Нейи-сюр-Сен қалалық кеңесінің жергілікті саяси қайраткері Филипп Карсенти Fox News арнасында осы жағдайлар мен Нотр-Дамда шыққан өртті еш негізсіз байланыстырған.

https://platform.twitter.com/widgets.js

Бұл мәлімдемені, әріптестеріміз – Correctiv мен 15min ресурстарының хабарлауынша, германиялық және латвиялық жаңалық порталдары көшіріп басқан. (FactcheckEU Initiative).

6. Өрт басталғанда әлдекім шатырда тұрған

Үкім: Жалған

Шіркеу төбесінде ешкім тұрған жоқ. Бұл – әулие Марияның мүсіні.

AFP Factuel хабарлайды: Өрттің астыртын сөз байласудан шыққаны туралы топшылаулар интернетте жанған оттың жанында әлдекім тұрғандай сурет тараған соң айтыла бастады. “Шын мәнінде бұл – мүсін” деп жазылған мына туитте.

Факты и фейки о пожаре в Нотр-Дам

(FactcheckEU Initiative ақпараты).

7. Нотр-Дамның маңынан газ толы цистерналар табылған

Үкім: Жалған

Шіркеу маңынан газ толы баллондар табылған жоқ.

Фактчекер Малдито Було жазады: Көп қолданушы The Telegraph-тың “Париждегі Нотр-Дам шіркеуі жанынан табылған газ толы цистерналар мен араб тіліндегі құжаттар теракті қорқынышын ұялатады” деген тақырыппен шыққан мақаласын бөлісіп жатыр. Бұл жағдай 2016 жылы болған, өртке ешбір қатысы жоқ. The Telegraph кейіннен өз материалына түсіндірме енгізіп қойды. (FactcheckEU Initiative ақпараты).

Пожар в Нотр-Даме
The Telegraph-тың 2016 жылғы материалы мен мақалаға енгізілген қосымша.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz