Манипуляция | Назарбаев: «Қазақстан түгел бірінші кластағы автобандармен қамтамасыз етілген…»

29 сәуір күні Nur.kz порталы Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясының ашылуы жайында «Қазақстан түгел бірінші кластағы автобандармен қамтамасыз етілген»: Назарбаев елдің жолдары туралы» деген репортаж жариялады. Әрі қарай мәтінде цитата бар (тек бір бөлігін келтіреміз — Авт.): «Қазақстан түгел бірінші кластағы автобандармен қамтамасыз етілген. Елімізде Астана мен Бурабай арасындағы сияқты 14,5 мың км асфальтталған бетонды жол бар. Қазір сондай жол Астанадан Алматыға дейін барып, Балқашқа дейін жетеді…»

Назарбаев

Алайда Nur.kz басылымы цитатаның маңызды бөлігіне мән бермеген, себебі әңгіме республикалық маңызы бар жолдар туралы болып отыр. Видеоны 22.49 минуттан бастап қарап көріңіздер.

2.49: «Біз Қазақстан түгел бірінші кластағы, батыстағыдан да жақсы автобандармен қамтамасыз етілгенін байқамай қалдық… Елімізде Астана мен Бурабай арасындағы сияқты 14,5 мың км республикалық маңызы бар асфальтталған бетонды жол төселген. Қазір сондай жол Астанадан Алматыға дейін барып, Балқашқа дейін жетеді, елордадан Павлодарға (бұл жерде Назарбаев әлі салынбаған, әлі құрылыс барысындағы жолды да айтқан болар – Авт.), Семейге, Өскеменге дейін барады…»

Ал, енді фактчек жасап көрейік…

Шағын ремарка: Біз Қазақстандағы және басқа елдердегі, мысалы, Батыс Еуропадағы жолдардың (яғни автобандардың) сапасын салыстырмай-ақ қояйық. Ол үшін көптеген факторларды (асфальт құрамынан бастап, ауа райы мен климаттық жағдайларға дейін) есепке алатын сараптама қажет.

Сондай-ақ, Назарбаев бұл жерде нақты нені меңзегені туралы да айтпаймыз. Себебі республикалық маңызы бар барлық жолдар мен республикалық маңызы бар автомагистральдар (автомагистраль ұғымы ҚР Жол қозғалысы ережелерінің жалпы ережелерінде сипатталған, сонымен қатар ЖҚЕ 16-бөлімінде автомагистраль бойынша жүру тәртібі белгіленген) екі түрлі нәрсе. Бұл ретте әңгіме халықаралық жобалар мен трассалар туралы болмағаны анық. Өйткені республикалық маңызы бар кейбір жолдар халықаралық дәліздердің бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен сандарға тоқталайық.

Мәлімдеме: Қазақстанда республикалық маңызы бар 14,5 мың км «бірінші кластағы» жол бар

Үкім: Манипуляция

Егер ресми дереккөздерге сүйенсек, толық шындыққа дейін «жақсы» жағдайдағы 1610 км жол және 6 500 км-ге жуық «батыстан да керемет автобан»жетпейтінін байқауға болады. 

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің сайты ұсынатын ресми статистикалық ақпаратқа жүгінейік. Яғни 06.02.2019 жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жағдайы туралы құжатты қараймыз.

Назарбаев

Осылайша, автожол комитетінің деректері бойынша республикалық маңызы бар 12889,6 км жол жақсы жағдайда. Жалпы алғанда, еліміздің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 95 020 км құрайды. Ал мына жерден және мына жерден Қазақстандағы авто жолдардың картасымен таныса аласыздар. Ал мына жерде еліміздегі жолдарының сапасын талқылау барысы.

Жолдарды класс пен материалдар контекстінде қарау

Енді жолдар төсемінің түрі туралы (өйткені Н. А. Назарбаев асфальтталған бетон жолдар туралы айтты).

Назарбаев

ҚР ИИДМ-ның Автомобиль жолдары Комитетінің ақпаратындағы Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі деген құжатта 01.01.2019 жағдай бойынша бізде асфальт бетонды 12 706 км жол бар.

Айта кету керек, «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары. Техникалық сыныптама» (ҚР СТ 2025-2017) деген құжатқа сәйкес «Автомобильді магистраль» мен «Жылдам жолдар» кластағы жолдар, тиісінше, IA және ІБ санаттарына сәйкес. «Жартылай жылдам жолдар» — I В. және IIA санаттарына сәйкес келеді, ал қалғаны «Қарапайым жол» класына жатады. Осылайша, автомобиль магистральдары, жылдам және жартылай жылдам жолдар (өз құрылымы бойынша «батыстағы» автобандармен салыстыруға болады) бізде: 2745 км + 5445 км = 8190 км.

Қорытынды

Мәлімдеме манипулияция және жолдардың жағдайы мен олар туралы статистикалық деректер жинаумен айналысатын ресми органдардың фактілерімен айтарлықтай айырмашылық бар. Бұдан бөлек, факт ретінде шындыққа сәйкес келмейтін деректер мен пікірлер берілген және сараптама нәтижесімен сәйкес келмейді.

Factcheck.kz