Манипуляция | Қытайда қасиетті Рамазан айында мұсылмандарды шошқа етін жеп, ішімдік ішуге мәжбүрлеуде

2018 жылдың 15 мамырында “Arhar” интернет-басылымы Қытай үкіметі Ислам әлемінде қасиетті саналатын Рамазан айында міндетті түскі асты енгізу арқылы мұсылмандардың сенімін әлсіретіп жатқаны жайында мақала жариялады. Бұнымен қоймай, күнә саналатын шошқа етін тамаққа қосып, ішімдік ішуге мәжбүрлеп, ал билікке қарсы келгендері үшін жауапқа тартып, тәрбиелеу лагерлеріне жібереді делінген. Материал орыс тіліне де аударылып, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді.

Манипуляция | Қытайда қасиетті Рамазан айында мұсылмандарды шошқа етін жеп, ішімдік ішуге мәжбүрлеуде

Ақпараттың дереккөзі ретінде USCIRF (АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясы) көрсетілген, бірақ USCIRF берген есепте жоғарыдағы БАҚ-та келтіпілген деректер жоқ.

Үкім: Манипуляция

Қытай мұсылмандарына қарсы зорлық-зомбылық фактілері бұқаралық ақпарат құралдарында, құқыққорғаушылар мен USCIRF-те айтылып жүр, алайда бұл фактілердің астары басқаша. Әңгіме «тәрбиелеу лагерлерінен» келетін хаттар мен тұтқындаулар жайында.

Бұл, әрине, жақсы жаңалық емес, дегенмен, Рамазан айында Қытай мұсылмандарына шектеу қою және міндетті тамақтандыру туралы сөз болмады.

Tier1_CHINA

Шын мәнінде не болып жатыр?

Түпнұсқа жаңалықтарда алкоголь және шошқа еті туралы мәліметтер жоқ, бірақ үкіметтің ешбір сотсыз ұйғырлардың көп бөлігін, қазақтарды тәрбиелеу лагерлерінде қамап отырғандары туралы айтылады. Сондай-ақ билік Синьцзяннің барлық аумағында қарулы бақылау бекеттері, адамдарды тануға арналған бағдарламалық жасақтама және ұялы телефон мониторингі кіретін кеңейтілген қауіпсіздік желісін орнатқан. Сонымен қатар, өткен жылдың соңынан бастап жергілікті мектептерде ұйғырша оқытуға, мешіттерге баруға және балаға мұсылманша ат беруге тыйым салынған. USCIRF төрағасы Дэниел Марк осы мәселеге қатысты мынадай пікір білдіреді:

Қытай үкіметінің ұйғыр мұсылмандарын былайша шектеуі – қоршауда қалған діни және этникалық азшылықты бейімдеудің қамы.

Батыс БАҚ-тары, атап айтқанда, Washington Post, The Independent, New York Times газеттері қытайлық биліктің экстремистер деп танылған Синьцзян тұрғындарын «қайта тәрбиелеу» лагерлеріне жіберетіндігін растайды. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, осы лагерьлерде адам құқықтары үнемі бұзылатын көрінеді: мұсылмандарды алкоголь және шошқа етін жеуге, таңертең әнұран айтуға, қытай тілін, тарихын үйренуге және «Коммунистік партиясыз жаңа Қытай болмайды» деп әндетуге мәжбүрлейді. Аталмыш бұқаралық ақпарат құралдары тәрбиелеу лагерінің бұрынғы тұтқыны Өмір Бекалидің пікірлерін негізге алады.

Өзіңді сынап, ойыңды мінеп-шенеу, өз этникалық тобыңды айыптау өте үлкен психологиялық қысымға алып келеді. Мен әлі күнге дейін бұл туралы ойланумен келемін. Ұйқым қашты. Әлі де ойымнан кетер емес (Бекали).

Көптеген дәлелдерге қарамастан, ресми Қытай бұндай лагерьлердің бар екенін мойындамайды.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz