Қазақстандықтар «Ашық зертханада» өз білімдерін тексереді

«Менделеев» арағының рецебін ойлап тапқан кім? Ең заманауи аппараттың дәлдігі қандай және жүйке жасушалары қайтіп қалпына келе ме? Компастың қызыл тілімен жүре берсек, қайда жетеміз? 9 ақпанда өтетін «Ашық зертханалық» халықаралық ағартушылық акциясы қызыққа толы сұрақтарға жауап бере отырып, мектеп бағдарламасынан алған біліміңізді жаңартуға мүмкіндік береді.

«Ашық зертханалық» немесе «Лаба» — өзіңіздің әлем жайлы түсінігіңізді физикалық, химиялық және биологиялық біліміңізге сүйене отырып, ерекше жолмен тексеру. Қатысушыларды немесе «зертханашыларды» әлем мен ондағы адамдардың қаншалықты күрделі, әйтсе де қызықты құрылғаны туралы 25 сұрақ күтеді. Тараулардың бірі кеңінен тараған химиялық аңыздар мен БҰҰ биыл жыл символы деп жариялаған Менделеевтің периодты кестесіне арналған.

Сұрақтар жазылған бланкілерді толтыру үшін «зертханашыларға» 30 минут беріледі, осыдан соң тәжірибелі «зертхана жетекшілері» – ғалымдар мен ғылымды насихаттаушылар –дұрыс жауаптарды атап, әр тапсырманы жеке-жеке талқылайды. Осылайша, акцияның әрбір қатысушысы өз нәтижесін бірден біліп қана қоймай, сонымен қатар кеңінен тараған жаңылыстарды түзетуге көмектесетін көптеген жаңа, қызықты әрі пайдалы ақпарат алады. «Лабаға» 12 жастан асқан кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Қазақстандықтар «Ашық зертханада» өз білімдерін тексереді
Виктория Лидің фотосы

«Ашық зертханалықтың» Қазақстандағы ұйымдастырушысы – OYLA ғылыми-көпшілік журналы. «Көпшілік ғылымды тек ғалымдарға ғана тән деп есептейді, алайда біз онымен күн сайын бетпе-бет кездесіп жатамыз», – дейді зертхана жетекшісі және OYLA журналының ғылыми редакторы Алмас Ордабаев. — Ғылыми білім мен түсінік қарапайым тіршілік барысында, мысалы азық-түлікті немесе дәрілерді сатып алғанда, я болмаса тұрмыстағы жұмыстарды атқарғанда немесе шешім қабылдағанда өмірімізді әлдеқайда жеңілдетіп, жақсарта түседі. «Лаба» осының көрнекі көрінісі. Әсіресе, мұндай амалдарды балалардың бойында жетілдірген аса маңызды».

Алматыда іс-шара Қазақ-Британ техникалық университетінде өтеді. Кіру тегін, акцияға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қазақстандықтар «Ашық зертханада» өз білімдерін тексереді
Виктория Лидің фотосы

Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде жүреді. Алмас Ордабаев: «Қазақ тіліндегі сапалы ғылыми материалдар, орыс тілімен салыстырғанда әлдеқайда аз, әсірісе, ауқымды аудитория үшін толықтай түсінікті болатындары кемде-кем. Сондықтан, қазақ тілді аудитория үшін бұл ерекше маңызды оқиға», – деп атап өтті.

«Ашық зертханалық» сонымен қатар қазақстандық өзге қалаларфында да өтеді: Петропавлда — С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада, ШымкенттеЖастар ресурстық орталығында, Павлодарда — химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде және С. Торайғыров атындағы облыстық біріккен әмбебап-ғылыми кітапханада.

Оффлайн іс-шарамен қатар «Лабаға» ұйымдастырушының басты сайты – openlaba.com арқылы онлайн қатысуға болады, онда ұқасас тапсырмалар беріледі.

«Ашық зертханалық» жобасы 2017 жылдан бері қолданыста. 2018 жылы әлемнің 10 елінде 41 мың адам «зертханашы» болды.

Қазақстандағы ұйымдастырушылармен байланыс:
+7 771 445 03 77 (Виктория)
+7 (727) 222 13 20
[email protected], [email protected]

«Ашық зертхананың» Ресейдегі ұйымдастырушыларымен байланыс:
[email protected]

Factcheck.kz