Ирландияда журналистер краудфандинг арқылы зерттеулер жүргізеді

Ирландияда журналистер краудфандинг платформасы арқылы оқырмандардың өтініші бойынша зерттеу жасауды бастады. The Journal Media компаниясының бастамасымен Newsworthy жобасы құрылды. Бұл жайлы Press Gazette онлайн басылымы жазды.

Бастапқыда жобаны Google digital news innovation қоры қолдады. Алдағы уақытта зерттеуге қаржыны Newsworthу-дің өзі жинайды. Жоспар бойынша журналистер оқырмандар ұсынған тақырыптарды зерттейді. Алайда, оқырмандар тақырып ұсынып қоймай, оған белгілі бір қаражат жіберуі керек. Ең көп қаражат жиналған тақырып зерттелетін болады.

Жаңа платформаның редакторы Кен Фокстың айтуынша бұл жоба ерікті түрде жасалған қайырымдылық есебінен жұмыс істейді.

Фокстың айтуынша бүгінде веб-сайт сынақтан өткізілуде және қарашаның соңына қарай жұмысын бастайды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz