Индонезия фейк жаңалықтармен қалай күреспек?

Индонезия коммуникациялар министрлігі апта сайын елдегі фейк жаңалықтармен қалай күресіп жатқаны жайлы есеп беретін брифинг өткізуді жоспарлап жатыр. Бұл туралы The Guardian басылымына сілтеме берген Poynter Institute хабарлайды.       

Коммуникациялар министрі брифингінің шамамен қалай өтетінін де айтты.

Министр Рудиантараның сөзінше, бастаманың көздегені  — индонезиялықтарға ақпаратты таңдап, жалған деректі ажырата білуді үйрету. “Оның үстіне, келер жылдың сәуірінде президент сайлауы өтеді, осы кезде жалған деректер мен ақпарат көп тарала бастайды”.

Министрдің пайымдауынша, күн сайын брифинг өткізу туралы бастаманы үкімет жуық арада бекітеді. Ал жалған деректер мен мәліметтердің “үкімі” тексерілген фактілер арқылы айтылады.

“Апта сайын жалған жаңалықтар тізімін жасап отырамыз, – дейді министр, – Шындыққа сәйкес келмейтін жаңалықтарды нақты деректермен жоққа шығарамыз”.   

Билік өкілі азаматтарды әлеуметтік желіде фейк ақпарат таратпауға шақырып, министрлік осы бастама арқылы халықтың саяси сферадағы цифрлық сауаттылығын көтеруге ниеттеніп отырғанын жеткізді. Күн сайын өтетін брифингінің мақсаты – критикалық ойлау қажеттігін еске салу. Министрлікке қарайтын 70 адамдық ақпаратты тексеру командасының мақсаты – фейк жаңалықтар мен жалған әңгімелерді анықтау.

Анықталған фэйк хабар брифингіде айтылып, кейін министрлік қолдауымен ашылған stophoax.id сайтында жарияланып отырады.

Контекст

Фэйсбук пен Туиттерге кіретін халық үлесі бойынша бірінші орындағы Индонезияда фэйк жаңалықтар әдетте әлеуметтік, этникалық және діни араздық тудыратын хабар сипатында таралады.

Сарапшылар жек көрініш тілінде (hate speech) жазылған фэйк хабарламалар президенттік сайлауы алдында көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірген. Министрлікке кіретін команданың құрылуы да осыған байланысты болуы мүмкін.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz