Google News-ке қатер төнді ме: бірқатар елдер қатаң директиваны қолдады

Еуропа елдерінің көп бөлігі Еуроодақтың интернеттегі авторлық құқық директивасын қолдады. Media Media телеграм каналы бұл Google News қызметі үшін жағымсыз жаңалық деген қорытындыға келді деп хабарлады Cnet.

Еуроодақ наурызда іздеу жүйелері, агрегаторлар және Google News типтес қызмет жүйелері сілтемелерін жариялағаны үшін басылымдарға ақша төлеу жайлы директива қабылдады. Бұл директива әртүрлі елде заңды күшіне ену үшін мемлекет басшыларының мақұлдауы қажет.

Люксембург, Голландия, Италия, Швеция, Польша және Финляндия елдері бұл бастамаға қарсы шықты. Ал, Бельгия, Словения және Эстония дауыс беруден бас тартты. Қалған 19 мемлекет директиваны қолдады.  

Барлығы Испанияда 2014 жылы осыған ұқсас заң қабылдағаннан басталды.  Заңға қарсылығын білдіру мақсатында Google News елден кетті, нәтижесінде жергілікті ақпараттық басылымдардың трафигі  10-15%-ға төмендеді. Артынша Германия бұл бастаманы қолдап, Google-ге ақпараттың сілтемесімен қоса кішкентай суреттері бар анонс жариялауға тыйым салды. Бұл жағдайда да Google трафигі төмендеді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz